RU

ДДСҰ бір тәулікте COVID-19 жұқтыру саны бойынша жаңа антирекордты тіркеді

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Orhan Cicek/Anadolu Agency via Getty Images

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны бойынша жаңа антирекордты тіркеді. Ұйымның мәліметі бойынша, бір күннің ішінде вирус әлемдегі 307,9 мыңға жуық адамда расталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Коммерсантъ-қа сілтеме жасап.

Соңғы тәулікте әлемде 307,9 мың COVID-19 инфекциясы анықталды деп хабарлады Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ). Бұл пандемия басталғалы болған рекордтық өсім. Соңғы рекорд 6 қыркүйекте тіркелген болатын, ол кезде бір тәулікте коронавирус жағдайлары 306,9 мыңға көбейген еді.

ДДСҰ деректері бойынша әлемде осы уақытқа дейін 28,6 миллион ауру жұқтыру жағдайы тіркелген. 917,4 мың адам қайтыс болды. Қос Америка құрлығында 14,7 миллион инфекция жұқтыру, Оңтүстік-шығыс Азияда – 5,4 миллион, ал Еуропада – 4,8 миллион ауру жұқтыруды құрайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, коронавирус жұқтыру саны бойынша көшбасшы елдер:

  • АҚШ — 6,4 млн;
  • Үндістан — 4,8 млн;
  • Бразилия — 4,3 млн;
  • Ресей — 1,1 млн;
  • Перу — 716,7 мың.

Еске салсақ, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 52 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 106 855-ке жетіп отыр.

Айта кету керек, соңғы мәліметтерге сәйкес, өткен тәулікте тағы 11 адам COVID-19-бен оның белгілері бар пневмониядан көз жұмған болатын. 1 тамыздан бастап бүгінгі күнге дейін аталмыш диагноз бойынша ауырғандар саны 29 658 адамға жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874050-dds-bir-tulikte-covid-19-zktyru-sany-bojynsa-zaa-antirekordty-tirkedi.html