RU

Қазақстанда өткен тәулікте пневмония мен коронавирустан 11 адам көз жұмды

тәжвирус ем
Көрнекі фото: stream.weacom.ru

Соңғы мәліметтерге сәйкес, өткен тәулікте тағы 11 адам COVID-19-бен оның белгілері бар пневмониядан көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 77 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 30 адам емделіп шықты", - делінген хабарламада.

1 тамыздан бастап бүгінгі күнге дейін аталмыш диагноз бойынша ауырғандар саны 29 658-ге жеткен. Сондай-ақ 328 өлім жағдайы тіркеліп, тағы 6 853 адам жазылып шыққан.

Денсаулық сақтау министрлігі Telegram-арнасында өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус төрт науқастың өмірін жалмағанын жария етті.

"Қазіргі уақытта коронавирустан 4 557 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 37 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 306 науқас жатыр. 2 251 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 121 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 22 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - деді ведомство.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 52 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 106 855-ке жетіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда карантин режимінің қашан аяқталатынын айтқан болатын.

Сонымен қатар, ол республика бойынша тұмауға қарсы вакцинация екі апта бұрын яғни 15 қыркүйектен басталатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874051-kazakstanda-tken-tulikte-pnevmonia-zne-koronavirustan-11-adam-kz-zmdy.html