Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуропа елдерінде коронавирус инфекциясы қайтадан өршіп жатыр

Опубликовано:

дерт
Көрнекі фото: pexels.com

Еуропа елдерінде коронавирус жұқтырғандардың саны артып жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Джонс Хопкинс университеті таратқан ақпаратқа сәйкес, әлемде 28,7 миллион адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 920,8 мың науқас қауіпті дерт салдарынан көз жұмған, Ал 19,4 миллион адам сауығып кеткен.

  • Өткен сенбіде Франция билігі бір тәулікте 10561 адамнан вирус анықталғанын хабардар етті.

Сонымен қатар Covid-19 диагнозымен ауруханаға, жансақтау бөліміне түскен науқастар саны да артқан. Осыған қарай Францияның медицина саласының қызметкерлері халықты жеке кездесулерден аулақ болуға шақырды.

  • Кеше Чехияда үш күнде 1541 адам вирус жұқтырып, елдегі рекордтық көрсеткіш тіркелген. Көршілес мемлекеттер Чехиядан кіруге шектеулер енгізе бастады.
  • Өткен бейсенбіде Испанияда бір күнде қауіпті дертті жұқтырғандар саны 10 764 адамға жеткен.
  • Ұлыбританияда демалыс күндері инфекция жұқтырған 4 мыңнан астам адам тіркелген. Сол себепті елде адамдардың көптеп жиналуына қайтадан тыйым салынған.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 52 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 106 855-ке жетіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда карантин режимінің қашан аяқталатынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874053-europa-elderinde-koronavirus-infekciasy-kajtadan-rsip-zatyr/

pixel