Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ең болмағанда денесін тапсын": Із-түзсіз кеткен ферма иесінің жақындары шу шығарды (фото, видео)

Опубликовано:

Тұрғындар
Скриншот: azh.kz

Бір апта бұрын жоғалып кеткен ферма иесінің жақындары Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің алдына жиналды. Олар полицейлердің ер адамды іздестірмей жатқанын айтуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Жоғалған азаматтың жақындары оны жергілікті мал ұрысы өлтірген болуы мүмкін екенін айтуда деп жазады жергілікті "Ақ Жайық" басылымы.

Елу шақты адам Жылыой ауданы Құлсары маңына жиналған. Олардың дені - 6 қыркүйек күні жоғалып кеткен жергілікті ферма иесі Нұралы Нұртілеуовтің жақындары мен туыстары.

Олар жергілікті полиция Нұралыны іздемей жатқанын айтып, шағымдануда.

Тұрғындар әкімдік ғимаратының алдына "Қылмыскерді табыңдар", "Жылыойдағы бассыздық Елбасына жолдансын", "Құзырлы органдар жұмыс істесін" деген жазуы бар плакаттармен жиналған.

Ферма иесінің жақындары, сонымен қатар қолдарына жоғалып кеткен азаматтың суретін де ұстап келіпті. Нұралының жақындары оның жоғалып кетуіне мал ұрысы ретінде танылып кеткен жергілікті тұрғынның қатысы бар болуы мүмкін екенін айтуда.

Тұрғындар
Скриншот: azh.kz

Тұрғындардың сөзіне сенсек, мал ұрысы талай қылмыс жасағанымен, жазадан құтылып келеді. Одан бөлек, Нұралының жақындары оның тірі екеніне сенуден қалған.

"Ең болмағанда ұлымның денесін тауып берсін. Полиция күдіктімен кездесу ұйымдастыруға уәде етті, алайда оны сол беті көрсетпеді. Егер ол қамауға алынған болса, қайда", - деп ренішін айтты жоғалған азаматтың анасы.

Нұртілеуовтің ағасы болса, полицейлер Нұралының мәйіті табылмаған жағдайда қылмыстық іс қозғамайтынын айтқанына ашулы. Ол кінәлілер жазасыз құтылып кетуі мүмкін екеніне күйініп отыр. Сол арада полиция "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын алға тартты.

Ферма иесі
Фото: azh.kz

Бүгінде ферма иесін тікұшақпен іздестіріп жатқан көрінеді. Десе де одан еш нәтиже шықпай жатыр.

47 жастағы ферма иесі Нұралы Нұртілеуов 6 қыркүйек күні хабарсыз кеткен. Ол өз мотоциклінде ен далаға жол тартып, жоғалған жылқыларын іздеуге шығыпты. Содан бері хабарға шықпаған.

Полицейлер жоғалған азаматтың мотоциклін, жамылғысы мен қамшысын тапқан. Алайда ферма иесінің өзі жоқ. Жергілікті тұрғындар болса, ер адамды мал ұрылары өлтіріп кеткеніне сенімді.

Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысында жоғалған 14 жасар қыз аман-есен табылғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Алматы облысында жоғалып кеткен жасөспірім өлі күйінде табылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874055-e-bolmaganda-denesin-tapsyn-iz-tzsiz-ketken-ferma-iesini-zakyndary-su-sygardy-foto-video/

pixel