RU

"Ницца" шабуылшысының үйін тонап, Porsche маркалы көлігін ұрлап кетті

Kasper Dolberg1
Көрнекі фото: Sebastien Bozon/Icon Sport via Getty Images

Францияның "Ницца" футбол клубында және Дания ұлттық құрамасында өнер көрсететін аяқ доп шебері Каспер Дольберг ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынында болғанда, оның автокөлігін ұрлап, пәтерін тонап кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru-ға сілтеме жасап.

Басылымның мәліметі бойынша, алғашқыда тонаушылар шабуылшының Ницца әуежайында тұрған Porsche маркалы көлігін ұрлаған. Содан кейін Дольбергтің көлігінде қалып қойған пәтер кілттері футболшының үйін тонауға түрткі болған. Сөйтіп қарақшылар даниялық азаматтың үйіне еш кедергісіз кіріп, арам ойларын жүзеге асырған.

Онда қылмыскерлер бірнеше ұялы телефон, сондай-ақ екі мың еуро ақшаны қолды қылған.

Айта кету керек, бір жыл бұрын Дольберг қылмыскерлердің арбауына түскен болатын, ол полицияға 70 мың еуро тұратын сағаттардың жоғалғаны туралы хабарлаған еді. Содан кейін сағатты ұрлаған футболшының командаласы екені анықталды.

Италиялық "Ювентус" пен Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду миллиардер болды.

Осылайша, 35 жастағы шабуылшы қаржылық жағдайы 1 млрд доллардан асқан әлемдегі алғашқы футболшы атанды. Жалпы Криштиану бұндай көрсеткішке жеткен әлемдегі үшінші спортшы болып отыр. Одан бұрын спорт өкілдері арасында гольф ойыншысы Тайгер Вудс пен кәсіпқой боксшы Флойд Мейвезер миллиардер атанған болатын.

Еске сала кетсек, БАҚ Вагнер Лавтың "Қайратта" шамамен қанша жалақы алатынын жариялаған болатын. Футболшы алматылық "Қайратқа" мәскеулік ЦСКА клубы футболшының агентіне комиссия төлеуден бас тартуына байланысты ауысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874058-nicca-sabuylsysyny-jin-tonap-porsche-markaly-kligin-rlap-ketti.html