Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 20 қыркүйектен кейін қатаң карантин қайта енгізіле ме

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 20 қыркүйектен кейін карантин қайта енгізіле ме деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Есмағамбетова карантинді күшейтуге қатысты алып-қашпа әңгімені жоққа шығарды.

Оның сөзінше, мұндай әңгімені көбіне ойдан шығара салады.

"Мысалы, адамдар жиналып, осы мәселені талқылайды да, біреудің "болжамынан" кейін сыбыс тез тарап кетеді. Мұндай ақпаратқа сенбеңіздер. Мемлекеттік органдардың ақпаратын, яғни ресми мәліметті пайдалануды сұраймыз. Соған сенгендеріңіз дұрыс ", - деді Есмағамбетова.

Бас санитар қазіргі уақытта республикада санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін мәлім етті. Мамандар күн сайын жалпы елдегі, сондай-ақ, әрбір аймақ мен елді мекендегі жағдайды қадағалап отырады.  

"Ауруға шалдыққандардың саны азайып келеді. Дегенмен, науқастар әлі анықталып жатыр. Бүгінде ПТР-тесті оң нәтижесі бар коронавирус та, ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткен коронавирус та тіркелуде. Біз жағдайды бақылап отырамыз. Барлық шешім санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарай қабылданады", - деді Есмағамбетова.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 52 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 106 855-ке жетіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда карантин режимінің қашан аяқталатынын айтқан болатын.

Сонымен қатар, ол республика бойынша тұмауға қарсы вакцинация екі апта бұрын яғни 15 қыркүйектен басталатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874064-kazakstanda-20-kyrkjekten-kejin-kata-karantin-kajta-engizile-me/

pixel