RU

Әсет Масабаев Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі болып тағайындалды

Әсет Масабаев
Фото: facebook.com/almaty.gov.kz

Алматы қаласы Медеу аудандық әкімдігінің басшысы ауысты - аудан әкімі қызметіне Әсет Масабаев тағайындалған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Алматы әкімдігінің Facebook-парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тағайындау туралы өкімді Алматы қаласының әкімі шығарған.

"Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Президент Әкімшілігінің және қала мәслихатының келісімі бойынша Әсет Масабаев Медеу ауданының әкімі болып тағайындалды.в", – говорится в сообщении от пресс-службы акимата.

Әсет Масабаев 1985 жылы дүниеге келген. Алматыда Энергетика және байланыс институтын, Экономика және құқық Академиясын, Мәскеу қаласындағы ресейлік Халықтар достығы университетін тәмамдаған.

2007 жылы «Алматы электр станциясында» электромонтер болып еңбек жолын бастаған ол, 2008-2010 жылдары «Наз» ЖШС-де бас энергетик, «Алмаз және КЮС» ЖШС-де техникалық директор болып жұмыс істеген.

2010-2013 жылдары Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында жетекші маманның міндетін атқарушы қызметінен энергия, жылумен қамту бөлімінің бастығына дейін жоғарылайды.

Әр жылдары Жетісу және Медеу аудандары әкімдерінің орынбасары, Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, қаланың Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының, Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы болған.

2019 жылдың сәуірінен бастап Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Еске салсақ, бұған дейін Сағынтаев Тоқаевқа Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайды баяндаған болатын.

Одан бөлек, Асқар Мамин төтенше жағдайлар министрін әріптестеріне таныстырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874077-set-masabaev-almaty-kalasy-medeu-audanyny-kimi-bolyp-tagajyndaldy.html