RU

Моңғолияда демалыс күндері коронавирус жағдайы тіркелмеген

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Orhan Cicek/Anadolu Agency via Getty Images

11 қыркүйек пен 13 қыркүйек аралығында Моңғолияда коронавирус инфекциясына 1803 тест жүргізіліп, барлық нәтижелер теріс болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Central Asia.media-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін Жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығының директоры Дамдинсурен Нямху хабарлады.

Моңғолияда тіркелген 311 жағдайдың 300-і емделіп шықты. Директордың айтуынша, екі пациентті бірнеше рет тексеру кезінде коронавирус анықталмады, олар санаторийге ауыстырылған.

Қазіргі уақытта 11 адам Жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығында емделуде, 4 адамның жағдайы ауыр және 7-уі аурудың жеңіл түрімен ауырып жатыр.

Одан бөлек, Джонс Хопкинс университеті таратқан ақпаратқа сәйкес, әлемде 28,7 миллион адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 920,8 мың науқас қауіпті дерт салдарынан көз жұмған, Ал 19,4 миллион адам сауығып кеткен.

Өткен сенбіде Франция билігі бір тәулікте 10 561 адамнан вирус анықталғанын хабардар етті.

Қазақстандағы ахуалды еске салсақ, денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов еліміздің аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтқан болатын.

Сөзінше, Шымкентте 10 қыркүйек күні тәулік ішінде коронавирус жұқтырған бірде-бір адам тіркелмеген.

Айта кету керек, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 52 адам тіркелген.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 106 855-ке жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874096-mogoliada-demalys-knderi-koronavirus-zagdajy-tirkelmegen.html