Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық танымал актрисаға сүйіктісі үйлену туралы ұсыныс жасады (видео)

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Көптеген отандық кинокартиналарды сомдаған актриса Жания Джуринская тұрмысқа шықпақ. Оған сүйіктісі Түркияда үйленуге ұсыныс жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Өнер иесінің өміріндегі маңызды сәт Стамбул қаласында орын алды. Оған бірлесе вайн түсіріп жүрген әріптесі Данияр Хизметов "жүрегі мен қолын" ұсынды.

Ал Жания Джуринская болса, сүйіктісінің бетін қайтармай келісімін берді. Актриса әлеуметтік желідегі парақшасында бұны ұзақ күткенін жасырмады.

"Теңіздің Еуропа мен Азия тоғысқан жерінде иә" дедім. Мен сені күттім. Менің сиқыршым. Сені сүйемін", - деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұны көрген өнер иесінің оқырмандары екі жасқа деген тілектерін жаудырды.

"Бақытты болыңдар", "Өте әдемі жұпсыңдар", "Қандай керемет сәт, жігітіңіз естен кетпестей сөз салыпты", "Өмірлеріңіз тура осындай ғажап болғай", "Сіздер үшін қатты қуаныштымын", "Бұл сәтті тек Жания ғана емес, мен де күткен едім", "Құттықтаймын сіздерді", "Жания, сүйіктісіңіз сізге сөз салу үшін жақсы дайындалыпты. Стамбул қаласының ең көрікті жерінде ұсыныс жасау деген екінің бірінінің қолынан келе бермейді", "Жүзіңізден дәл осындай күлкі кетпесін", "Осы сәтті бәріміз ұзақ күттік", "Енді тезірек отау құрып, үлгілі отбасы болыңдар" деді олар.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Орал қаласының тұрғыны өзінің сүйіктісіне Қазақ радиосы арқылы үйленуге ұсыныс жасады. Осы сәтті көлікте тыңдап отырған ару арқа сүйер азаматына "иә" деп жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1874107-otandyk-tanymal-aktrisaga-sjiktisi-jlenu-turaly-synys-zasady-video/

pixel