Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Молдағасимоваға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері жүргізген тексеріс нәтижелері жарияланды

Опубликовано:

Айзат1
Фото: gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласының экс-бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағасимоваға қатысты жүргізілген тексеру нәтижелері туралы айтты. Бұған дейін Желіде сол кездегі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті басшысы өз атына ірі көлемде үстемақы жазғаны туралы ақпарат тараған еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2020 жылдың сәуірінде Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Молдағасимова А.Б.-ға қатысты Халық банктің бөлінген 33 миллион теңге демекшілік көмегінен өзіне сыйақы алғандығы, іс жүзінде ол жұмыста болмағандығы туралы мәлімдеме алды",– деп мәлімдеді агенттіктегілер.

Табысты тексеру қажеттілігіне байланысты материалдар Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне және Денсаулық сақтау министрлігіне жіберілді.

"Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жауабына сәйкес, "қазіргі уақытта аудит жүргізу мүмкін емес".

Денсаулық сақтау министрлігінің жауабына сәйкес, Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бастығы Молдағасимованың іс-әрекетіне қатысты шағымды қарап, шағымда көрсетілген фактілер расталмағанын хабарлайды.

Сыйақы алған қызметкерлердің тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ Халық банкінің 33 млн теңге көлемінде демеушілік көмегін бөлу мәселелері бойынша бөлім аудит жүргізген жоқ, өйткені демеушілік көмек бюджет қаражатына жатпайды, сондықтан сотқа дейінгі тергеу жүргізілген жоқ", – делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

Еске салса, бір күн бұрын Қарағанды ​​қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабековтің ұсталғаны туралы хабарланған болатын. Облыстық прокуратура оның нақты қандай күдікке ілінгенін айтты. Сондай-ақ, шенеуніктің қамауға алынғаны белгілі болды.

Айта кету керек, 10 қыркүйек күні Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаровтың 182 миллион теңге пара алды деген күдікпен қамауға алынғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874125-moldagasimovaga-katysty-sybajlas-zemkorlykka-karsy-kres-kyzmetkerleri-zrgizgen-tekseris-ntizeleri-zarialandy/

pixel