Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды

Опубликовано:

Фото
Фото: primeminister.kz

Мемлекте басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Ақордаға сілтеме жасап.

"Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын", - делінген жарлық мәтінінде.

Айта кетсек, бұған дейін Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасы атынан Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі, ұлттық экономика вице-министрі, монополияға қарсы ведомствоның төрағасы, өңірлік даму вице-министрі қызметтерін атқарып, монополияға қарсы комитеттің өңірлік бөлімшелерін басқарған.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдау жасады.

Мемлекет басшысы сөз арасында бәсекелестікті дамыту мен қорғау бойынша мықты әрі тәуелсіз орган қажет екенін айтқан болатын. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев тікелей президентке бағынатын бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігін құруды тапсырды.

Сонымен қатар, жолдауы барысында президент 700 мыңдай қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін үй сатып алуға, оқуға немесе денсаулығы үшін пайдалана алатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1874131-bsekelestikti-korgau-zne-damytu-agenttigini-tragasy-tagajyndaldy/

pixel