Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Неймар нәсілшілдік танытқаны үшін "Марсель" ойыншысына қол көтерді

Опубликовано:

Неймар Гонсалес 135
Альваро Гонсалес, Неймар. Фото: Getty Images

Бразилия ұлттық құрамасы мен ПСЖ футбол клубының шабуылшысы Неймар Франция чемпионатының 3-ші туры аясында нәсілшілдік танытқаны үшін қарсылас командасының қорғаушысына қол көтерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Айта кетейік, 14 қыркүйекте Франция чемпионатының 3-ші туры аясында ПСЖ командасы өз алаңында "Марсельді" қабылдаған болатын. Ойын барысында шиеленіс қыза түсіп, матчтың соңына қарай футболшылар арасында қақтығыстар орын алды.

Жалпы матчта 10 сары қағаз бен 5 қызыл қағаз көрсетілгенін айта кету керек.

ПСЖ командасының басты жұлдызы Неймар "Марсель" қорғаушысы Альваро Гонсалесті желкесінен ұрғаны үшін алаңнан қуылды. Одан бөлек, төбелеске қатысқан Дарио Бенедетто, Леандро Паредес, Жордан Амави және Лейвин Курзаваға қызыл қағаз көрсетілді.

Алаңнан шығып бара жатып, Неймар резервтік төрешіге Гонсалесті не себепті ұрғанын түсіндіріп кетті.

"Нәсілшілдікке жол жоқ. Оны нәсілшіл болғаны үшін ұрдым", – деді ол.

Бразилиялықтың айтуынша, қарсылас командасының қорғаушысы оны "қара" деп атаған, ал тағы бір ПСЖ ойыншысына "аузыңды жап, маймыл" деп айқайлаған көрінеді.

Еске сала кетейік, биыл Чемпиондар лигасының финалында алғаш рет бақ сынаған Францияның ПСЖ футбол клубы ақтық сында немістің "Бавария Мюнхен" командасына есе жіберген болатын.

Ал оған дейін бірқатар БАҚ-та Бразилия ұлттық құрамасы мен франциялық ПСЖ-ның шабуылшысы Неймар "РБ Лейпциг" командасының қорғаушысы Марсель Хальстенбергпен жейде алмасқаны үшін Чемпиондар лигасының финалына қатыспауы мүмкін деген ақпарат тараған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1874137-nejmar-nsilsildik-tanytkany-sin-marsel-ojynsysyna-kol-kterdi/

pixel