RU

Ильяс Храпунов Швейцария азаматтығын екінші рет ала алмады

Храпунов1
Фото: caravan.kz

Алматының экс-әкімінің ұлы Ильяс Храпуновтың Швейцария азаматтығына берген өтінішін екінші рет кері қайырды. Ол елдің Көші-қон жөніндегі мемлекеттік хатшылығына тиісті өтініш жіберген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

20 minutes ақпаратына сәйкес, көші-қон жөніндегі мемлекеттік хатшылық Ильяс Храпуновтың өтінішін қабылдамады. Бас тартуға ол қатысатын сот процесінің әлі аяқталмағаны себеп болған. Швейцарияның Федералды әкімшілік соты Храпуновтар отбасының Қазақстанда елдегі ақшаны жылыстағыны үшін айыпталып отырғанын еске салды.

Сонымен қатар, бірнеше елде, соның ішінде АҚШ пен Ұлыбританияда Храпуновтарға қарсы көптеген сот ісі басталған, деп жазады басылым. Кіші Храпунов анасынан "түсініксіз жағдайда" бірнеше миллион доллар алғандығы атап өтілген.

Басылым жазған ақпаратқа сәйкес, Ильяс Храпуновтың екі баласына да дәл осындай шешім шыққан. Алайда олар азаматтық алуға бөлек өтініш бере алады. Ілияс Швейцарияға 22 жыл бұрын, 1998 жылы көшіп барған. Ол азаматтық алуға 2009 жылы өтініш берген, бірақ сол кезде де оның өтінішін кері қайтарған еді.

Еске салсақ, 3 қыркүйекте Нью-Йорктің оңтүстік округі бойынша АҚШ Округтік соты Ильяс пен Виктор Храпуновтарға қарсы сот өндірісінің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салу туралы кезекті қаулы шығарған.

Айта кеткен жөн, Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов Женевада біреулердің оны ұрлап әкетуге тырысқанын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874147-ilas-hrapunov-svejcaria-azamattygyn-ekinsi-ret-ala-almady.html