Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында пара беріп пәтер алғандар үйлерін босататын болды

Опубликовано:

пәтер кілт1
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында кезегінен бұрын пәтер алғандар үйді босатуы керек. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның айтуынша, 2017 жылдың желтоқсанында Отырар ауданының үш тұрғыны тұрғын-үй инспекциясының қызметкеріне пара берген. Мемлекеттік қызметкер қарымта ретінде пара берушілердің пәтер алу үшін кезегін жылжытып берген деп жазады Sputnik Қазақстан.

Қазір қызметкерге қатысты "Ірі көлемдегі алаяқтық" бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Аталған бапта 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.

Одан бөлек, пара берушілерге қатысты мәселеде қарастырылып жатыр. Сот орындаушылар үйді заңсыз алғандарды он күн ішінде баспананы босатуға міндеттеді. Үйден шықпаған жағдайда оларға қосымша жауапкершілік шаралары қолданылуы мүмкін.

Өңірлік билік қазіргі уақытта ел бойынша кезек бірыңғай жүйеге ауыстырылғанын хабарлады.

Еске сала кетсек, бұған дейін ипотека алу үшін алғашқы жарнаға қанша қаражат керек екенін жазған едік.

Сондай-ақ мемлекет басшысы биылғы жолдауында 2021 жылы 700 мыңдай қазақстандықтың зейнетақы жинағының бір бөлігін үй сатып алуға, оқуға немесе денсаулығы үшін пайдалана алатынын айтқан болатын.

Кейінірек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 700 мыңға кімдердің енгенін айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874149-trkistan-oblysynda-para-berip-pter-algandar-jlerin-bosatatyn-boldy/

pixel