RU

2024 жылдың соңына дейін COVID-19-ға қарсы вакцина тапшы болуы мүмкін

Ресей вакцинасы
Көрнекі фото: Anadolu Agency via Getty Images

Әлемдегі ең ірі вакциналар шығаратын компаниялардың бірі, Үндістанның Сарысу институтының басшысы Адар Пунавалланың айтуынша, 2024 жылдың соңына дейін әлемде COVID-19-ға қарсы вакцина тапшылығы болуы мүмкін деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Пунавалланың сөзінше, жер бетіндегінің барлығы вакцина алғанша төрт-бес жыл өтеді.

Сондай-ақ, маманның айтуынша, барлық адамға екпе егу үшін вакцинаның 15 миллиард дозасы керек.

"Мен әлемнің бұған оптимистік көзқараспен қарайтынын білемін (вакцина өндірісі - ред.) ... бірақ мен дәл қазір осы деңгейге жақындаған біреуді естіген жоқпын", - деді сарапшы.

Басылымның жазуынша, Үндістанның Сарысулар институты бес халықаралық фармацевтикалық компаниялармен, соның ішінде AstraZeneca және Novavax-пен COVID-19-қа қарсы вакцина жасауда бірлесе жұмыс істеуде.

Компания вакцинаның бір миллиард дозасын шығармақ ниетте. Оның жартысы Үндістан тұрғындарына арналған.

Үндістанның Сарысулар институты өндіріс көлемі бойынша әлемдегі ең ірі вакцина өндірушісі. Компания 170-тен астам елде қолдану үшін жыл сайын 1,5 миллиард доза вакцина шығарады.

Еске сала кетсек, еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ең алғашқыларды бірі болып тұмауға қарсы вакцинаны қабылдады.

Сондай-ақ, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі елімізде тұмауға қарсы вакцинация науқанының 15 қыркүйекте басталатынын айтқан болатын.

Маманның айтуынша, мұндай шара алдағы өткір респираторлық аурулар маусымына дайындалуға көмектеседі және денсаулық сақтау жүйесіне ауыртпалықты жанама түрде азайтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874166-2024-zyldy-soyna-dejin-covid-19-ga-karsy-vakcina-tapsy-boluy-mmkin.html