RU

15-17 қыркүйек күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Ауа райы1
Көрнекі фото: piqsels.com

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы шықты. Бірқатар облыстарда температура мен жауын-шашынның төмендеуі күтілуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Болжам үш күнге – 15, 16 және 17 қыркүйекке жасалған.

Синоптиктердің айтуынша, бұл күндері республиканың басым бөлігінде ауа райын Қара теңізден (Солтүстік Мұзды мұхиттың шеткі теңізі) циклон анықтайды.

Бұл циклон жаңбыр шақырып, солтүстіктің орталығында екпінді желмен қатты жаңбыр болады. Сондай-ақ, бұршақ түсуі мүмкін.

Сонымен қатар, бұл циклон республиканың солтүстігінде және орталығында күндіз температураның 10-23 градусқа дейін төмендеуіне әкеледі.

Республиканың оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтілуде.

Еске салсақ, Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Қайың­ды ауылының тұрғыны қабырғаға қағылған самырсынның бұтағына қарап ауа райын болжайтыны туралы жазған едік.

Арман Шаяхметов ауа райын үйінің сыртқы қабыр­ғасына көлденеңдей қағылған самырсынның жіңішке бұтағына қарап болжайды. Шаяхметовтің сөзінше, бұл тәсіл өзін бір рет те алдап көрмеген екен.

Оған қоса, белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова күздің бірінші айына болжам жасады.

Астролог Ирина Әбдірайымова айдың басында көптеген елдің заңнамасы өзгеретінін айтты. Бірақ, жаңа нормалар адамдардың көңілінен шықпайды, керісінше, ашуын тудыруы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874171-15-17-kyrkjek-knderi-kazakstanda-aua-rajy-kandaj-bolady.html