Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қайда және қашан өтеді

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы 123
Фото: twitter.com / qazaqstyle

Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегіне байланысты мәліметтер пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

BoxRec басылымының ақпарынша, 27 жастағы қазақстандық 9 қазанда Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кеші шеңберінде рингке шығады. Жекпе-жек АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы The Bubble аренасында өтеді. Әзірге отандасымыздың қарсыласының есімі белгісіз.

Бокс кешінің басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақтағы WBC чемпиондық атағы үшін Эмануэль Наваррете (31-1, 27 КО) мен Рубен Вилья (18-0, 5 КО) күш сынасады.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы соңғы рет былтырғы қараша айында АҚШ-тың Калифорния штаты Фресно қаласында жекпе-жек өткізген болатын. Ол кезде қарсыласы Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа жіберген еді.

Кейіннен Әлімханұлы 28 наурызда Канадада ганалық Исса Самирмен жекпе-жек өткізіп, өзінің WBC Continental Americas және WBO Global чемпиондық атақтарын қорғауы тиіс болатын. Алайда, коронавирус пандемиясына байланысты аталған жекпе-жек өтпеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы әйгілі былғары қолғап шеберлерін жеңе алатынын мәлімдеген еді. Отандасымыз атын атаған спортшылардың арасында Сауль Альварес, Дэниел Джейкобс сынды танымал боксшылар бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1874176-znibek-limhanlyny-kelesi-zekpe-zegi-kajda-zne-kasan-tedi/

pixel