Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Qazaq Air ұшағы көкке көтерілген соң әуежайға бірнеше мәрте қайта оралған

Опубликовано:

Ұшақ1
Көрнекі фото: piqsels.com

Әлеуметтік желіде Qazaq Air әуе компаниясының лайнері ұшып кеткен соң елордалық әуежайға қайта оралғаны туралы ақпарат тарады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жолаушылар ұшағының әуежайға қайта оралғаны туралы Telegram желісінде журналист Михаил Казачков хабарлады.

БАҚ өкілі ұшақтың жолы көрсетілген скриншот жариялаған. Оның ақпаратыншы лайнер Жезқазғанға ұшқанымен, елордаға қайтып келген.

Sputnik Қазақстанның жазуынша, Qazaq Air болған оқиғаға қатысты түсінік берген. Келеңсіз жағдай Нұр-Сұлтан - Шымкент бағытында болған.

"11 қыркүйекте әуеге көтерілгеннен кейін экипаж шассидің сол жақ негізгі қақпағы жабылмаған деген белгі алды. Экипаж бақылау парағында көрсетілгендей іс-әрекет жасап, белгіленген тәртіп бойынша ұшқан уежайға қайта оралды. Авиациялық инжиниринг қызметі осы оқиғаның себебін анықтау бойынша шаралар кешенін өткізді. Осыдан кейін әуе кемесін одан әрі пайдалануға рұқсат етілді", - деді әуе компанияның баспасөз қызметі.

Осыдан кейін жағдай тағы да қайталанған. Нұр-Сұлтанға қайта оралу туралы шешім қабылданған.

"Не бірінші, не екінші жағдайда апатты жағдай жарияланған жоқ, штатты режимде қонды, жолаушылар арасында ешкім медициналық көмекке жүгінген жоқ", - деді компания.

Авиациялық инжиниринг қызметі, тасымалдаушының баспасөз қызметінде хабарлағандай, осы жағдайда жазылғанның бәрін жасаған.

Жағдай 12 қырркүйекте Нұр-Сұлтан - Жезқазған рейсінде де қайталанған. Ол кезде де штатты режимде қонып, медициналық көмекке ешкім жүгінбеген.

Жексенбі күні әуе кемесі жолаушыларсыз сынақ ретінде ұшып көрген. Сынақ сәтті аяталған. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, лайнерді әрі қарай қолдануға рұқсат етілген.

Еске салсақ, Алматыдан Семейге ұшатын рейс өз уақытынан 40 минутқа кешікті. Белгілі болғандай, бортта басқа рейстің жолаушысы болған.

Одан бөлек, елордадан Алматыға бағыт алған SCAT әуе компаниясының ұшағы аспанда құспен соқтығысып қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874182-qazaq-air-sagy-kkke-kterilgen-so-uezajga-birnese-mrte-kajta-oralgan/

pixel