Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Ресей музейаралық ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды

Опубликовано:

Меморандумға қол қою
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Орталық мұражайымен бірлескен меморандумға қол қойды.

Халықаралық музейаралық ынтымақтастық туралы құжатқа қол қою рәсімі, Ресей Қарулы Күштері Орталық мұражайының Жеңіс залында өтті. Меморандум аясында Ұлттық әскери-патриотық орталығының бастығы Орынбасар Қарабаев пен Орталық музей директоры Александр Никонов экспозициялық-көрмелік, рухани-адамгершілік және мәдени-ағартушылық қызметті дамытуда жан-жақты шығармашылық өзара іс-қимыл жасау қажеттігін атап өтті.

Меморандумға қол қою
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Аталмыш құжатпен ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы мен РФ ҚК Орталық мұражайы, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынас пен көптеген ғасырлар бойғы елдердің ортақ тарихын тағы да растай түсті.

Меморандумға қол қою
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Кездесу барысында тараптар қазақстандықтардың, аты аңызға айналған Панфилов дивизиясының жауынгерлік жолы туралы материалдарды Мәскеу шайқасының 80 жылдығына және Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО астанасын қорғаған жауынгерлерді мәңгі есте сақтауға арналған фотоқұжаттық көрмесін қалыптастыруға қатысуы туралы келісті.

Меморандумға қол қою
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1874187-kazakstan-men-resej-muzejaralyk-yntymaktastyk-turaly-kzatka-kol-kojdy/

pixel