RU

Маңғыстаулық шенеуніктің қатысуымен өткен тойдың видеосы желіде пайда болды

тойшыл қауым
Видеодан кадр: telegram.org/yyedilov

Әлеуметтік желіде көптеген қонақ шақырылған тойдың видеосы пайда болды. Маңғыстау облысының шенеунігі карантин кезінде туған күнін тойлағаны хабарланған. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті роликке пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көңілді кештің видеосы Yedilov online Telegram арнасынада жарияланған.

"Маңғыстау облысы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының жетекшісі Марина Әлібекова туған күнін атап өтті", - делінген роликтегі жазбада.

Кадрларға қарағанда отырысқа көптеген қонақ шақырылып, кеш көңілді өткен.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев видеоға пікір білдірді. Оның сөзінше, облыстық департамент қызметкерлері жаппай іс-шараның жеке үйдің ауласында өткізілгенін анықтаған.

Шенеунік осы мәселе бойынша түсініктеме беріп, санитарлық нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік бап бойынша жауапқа тарту үшін облыстық басқармаға шақырылған.

Осыдан кейін облыс әкімдігі мен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органға шара қабылдау үшін оқиға туралы хат жіберіледі.

Еске сала кетсек, тамыз айында Өскемен әкімдігінің қызметкерлері видео-эстафета ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны хабарланды. Оған оннан астам адам қатысқан.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында карантин тәртібін бұзған ауыл әкімінің жазаға тартылғаны белгілі болды. Шенеунік көпшілікпен бірге табиғат аясына демалуға шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874198-magystaulyk-seneunikti-katysuymen-tken-tojdy-videosy-zelide-pajda-boldy.html