RU

Ақтөбе облысында полицейлер 15 жезөкшені қолға түсірді

жезөкше
Көрнекі фото: ru-an.inf

Ақтөбе облысында 10-12 қыркүйек күндері "STOP-трафик" жедел профилактикалық шаралары жүргізілген. Полицейлер көңіл көтеретін орындар, сауналар, қонақ үйлер, жалдамалы пәтерлер және басқа да нысандарға тексеру жүргізді деп жазады KAZ.NUR.KZ өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған іс-шараның аясында құқық қорғау органдарының қызметкерлері адам сату мен сатып алудың бір фактісін, қоғамдық орындарда қудалаудың 16 жағдайын, жезөкшелікке үй-жай берудің екі дерегін анықтай алған.

Сондай-ақ полицейлер бір сутенер мен жыныстық қызмет көрсететін 15 қызды есепке алған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласында массаж студиясында жасырын интимдік қызмет ұсынған притон анықталған болатын.

Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбековтің сөзінше, тексеру кезінде массаж салонында интимдік кәсіппен айналысқан 10 жеңіл жүрісті қыз ұсталған.

Сонымен қатар, интимдік сипаттағы массаж жасауға үй ұсынғаны үшін ғимарат иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетсек, Сейфуллин даңғылында Алматы полициясы 11 жезөкшелер үйін жойғаны белгілі болды. Жыл басынан бері Сейфуллин даңғылының бойында шамамен 128 жергілікті жұмыстар жүргізілген. Нәтижесінде 1125 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жауапқа татылғандардың арасында жезөкшелер үйінің 11 жетекшісі бар. Оларға 1 500 000 теңгеден астам айыппұл салынды. Екі жағдайда жезөкшелер үйі жол бойындағы қонақүйлерде, қалған 9 жағдайда тікелей тұрғын үйлерде орналастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874204-aktbe-oblysynda-policejler-15-zezkseni-kolga-tsirdi.html