Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында мемлекетке 1,6 млрд теңге шығын келтірген бизнесмен сотталды

Опубликовано:

ақша салықтан жалтару1
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы облысында 1,6 млрд теңге сомасына міндетті төлемдер мен салық төлеуден жалтарған кәсіпкер 5 жылға сотталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қаржы министрлігі қаржылық мониторинг комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бизнесменге қатысты тергеу амалдары экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп жүргізілген.

Белгілі болғандай, ер адамның атына бірнеше жалған фирма тіркелген. Тергеу барысында анықталғандай, ол салық есебіне тауарлар мен қызметтерді сатып алу туралы жалған ақпаратты енгізу арқылы құрылыс-монтаждау қызметтерін көрсеткен.

Кәсіпкер декларацияға кірістер мен шығыстар туралы жалған деректер енгізген, салық салу нысандарын және басқа төлемдерді жасырып келген. Сондай-ақ ол салық төлемдерін төлеуден жалтарған.

Мемлекетке келтірілген шығын 1,635 млрд теңгеге бағаланды.

Нәтижесінде сот алматылықты салық төлеуден жалтарғаны үшін кінәлі деп танып, 5 жылға соттады. Сондай-ақ оған 3 жыл бойы мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда қызмет атқаруға тыйым салынды.

Айта кетейік, бірер күн бұрын Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың және облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровтың екі айға қамауға алынғаны хабарланды.

Іс "Қылмыстық топ болып аса ірі көлемдегі пара алу" бабы бойынша тергеліп жатыр. Бұл бап бойынша айыппұл немесе 15 жылға бас бостандығынан айыру, сондай-ақ мүлкін тәркілеу жазалары қолданылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, 10 қыркүйек күні Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаровтың 182 миллион теңге пара алды деген күдікпен қамауға алынғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874207-almaty-oblysynda-memleketke-16-mlrd-tege-sygyn-keltirgen-biznesmen-sottaldy/

pixel