RU

Сэр Сумма Чакрабарти Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі болды

Тоқаев пен Сэр
Фото: Ақорда

Сэр Сумма Чакрабарти Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды деп жазады KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Сэр Сумма Чакрабарти (Sir Suma Chakrabarti) Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық даму жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды", - делінген президент жарлығында.

Тоқаевтың жаңа кеңесшісі бұған дейін Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті болған (2012 жылдың шілдесінен 2020 жылдың шілдесіне дейін).

Еске сала кетсек, бұған дейн аталмыш қызметте Олжас Құдайбергенов отырған болатын. Дегенмен ол шілде айында штаттан тыс кеңесші қызметінен босатылды.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Олжас Құдайбергенов Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Әбдімәлікұлына экономиканы дамыту жөніндегі ұсыныстары үшін алғыс айтты", - деді ол.

Айта кетейік, Олжас Құдайбергенов президенттің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне өткен жылдың желтоқсан айында тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874228-ser-summa-cakrabarti-tokaevty-stattan-tys-keessisi-boldy.html