RU

Карантин жеңілдетілді: Демалыс күндері қандай нысандардың жұмысына рұқсат етіледі

тәжфирус15
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде карантин режимі жеңілдетіле бастады. Осыған орай демалыс күндері жұмыс істейтін нысандар белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және жұмыс күндері келушілердің ағынын азайту мақсатында демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат беру туралы шешім қабылданды:

сұлулық салондарына, шаштараздарға, косметикалық қызмет көрсететін объектілерге (infokazakhstan.kz порталында тіркелу, алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге  4 ш. м.);

фитнес-орталықтарына, спорттық-сауықтыру орталықтарына, тренажер залдарына, спорт кешендеріне, СПА-салондарға, сауналарға, бассейндерге (infokazakhstan.kz порталында тіркелу, толымдылығы 30% аспайтын, бірақ 50 адамнан артық емес, алдын ала жазылу, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау);

діни нысандарға (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізбей).

Мемлекеттік органдармен, "Атамекен" ҰКП және отандық тауар өндірушілермен талқылаудың қорытындысы бойынша бір рет қолданылатын медициналық маскалардың шекті бөлшек саудадағы бағасы 80 теңгеден 60 теңгеге дейін, яғни 25%-ға төмендетілді.

Сондай-ақ үшінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалғандарға 2020 жылдың 4 тоқсанында мемлекеттік инстанцияларға жүгінбей, оны автоматты түрде ұзарту туралы шешім қабылданды.

Бұл шара мемлекеттік органдарда адамдардың жаппай жиналуын болдырмау арқылы азаматтардың коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары басқа да бірқатар тапсырма берді.

Еске сала кетсек, бүгін Жандарбек Бекшин Алматыда ЖРВИ мен тұмаудың толқыны қашан басталатынын айтты.

Сонымен бірге Маңғыстауда шенеуніктің қатысуымен өткен отырыстың видеосы желіде пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874231-karantin-zeildetildi-demalys-knderi-kandaj-nysandardy-zmysyna-rksat-etiledi.html