Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау көгін қара түтін кеуледі: Қарабатан кен орнынан шыққан алау жұртты шошытты (фото)

Опубликовано:

Қара түтін
Фото: instagram.com/zello_atyrau_region

Әлеуметтік желілерде Атыраудың Қарабатан кен орнынан шыққан алаудың фотосы тарауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

14 қыркүйек күні тараған суреттерден Атырау көгін қара түтін кеулегенін байқауға болады.

Бұл жайттың суретін Zello.atyrau.official атты Instagram парақшасы жария еткен. Өзге желі парақшалары да болған жайттың фотоларымен жарыса бөлісіп жатыр.

Sputnik Казахстан ақпаратына сәйкес, өңірде расымен газ шығарындысы болған. Атырау облысы экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов, алау NCOC компаниясынан тарағанын алға тартты.

"Біздің мамандар ауаның ластану деңгейін анықтау үшін Қарабатан аумағындағы санитарлық аймақта ластаушы заттар концентрациясын өлшеуде. Прокуратураға хабарладық, енді жоспардан тыс тексеру жүргіземіз", - деді Бекмұхаметов "Ақ Жайық" басылымына.

Экология департаментінің баспасөз қызметі мекеме қызметкерлері жылжымалы мобильді зертханамен Қарабатан аймағына барғанын хабарлады.

Қара түтіннің көзі "Болашақ" МГКДҚ зауытының шырақты қондырғысында болғаны анықталды. Департамент қызметкерлері зауыттың санитарлық-қорғау аймағы шекарасында атмосфералық ауаны өлшеді. Аталмыш объектіге жоспардан тыс тексеру жүргізілетін болады, оның нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

«Жабдықтың жұмысындағы технологиялық ауытқуды жою жұмыстарын жүргізу кезеңінде «Болашақ» зауытының газ қондырғысының алау құрылғысында газ жағылды. СҚА-да орнатылған ауа сапасын бақылау станцияларында ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының артқаны тіркелмеді. «Болашақ» МжГКДҚ штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - дейді «АЖ» сауалына жауап берген NCOC баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін біз елімізде Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Қазақстанда демалыс күндері қандай нысандардың жұмысына рұқсат етілгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874241-atyrau-kgin-kara-ttin-keuledi-karabatan-ken-ornynan-sykkan-alau-zrtty-sosytty/

pixel