Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің құрылу себебі неде

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің құрылу себебін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында экономика, өнеркәсіп, қаржы, әлеуметтік және басқа да салаларда түбегейлі реформалар жүргізу туралы міндеттер қойылғанын айтуда.

Осы орайда Мемлекет басшысының 8 қыркүйектегі Жарлығымен жаңадан құрылған Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің маңызы зор.

Агенттік ағымдағы жағдайды, қалыптасып отырған тенденцияларды, әлемдік тәжірибені талдау және осы негізде реформаларды іске асыру тәсілдерін әзірлеудің, сондай-ақ, олардың орындалу барысына мониторинг жүргізудің жауапты мемлекеттік органы болады.

Агенттікпен және өзге де мемлекеттік органдардың бастамасымен реформалар жөніндегі аса маңызды ұсыныстарды қарау және бекіту үшін Мемлекет басшысының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығымен Президент жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылды.

Еске салсақ, бұған дейін біз елімізде Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылғанын хабарлаған болатынбыз. Кеңес мүшелері ретінде кімдердің сайланғаны Ақорданың ресми сайтында жарияланған.

Одан бөлек, Сэр Сумма Чакрабарти Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1874242-reformalar-znindegi-zogary-keesti-krylu-sebebi-nede/

pixel