RU

Алматы полициясы атышулы Қуат "Найман" Хамитовты қамауға алды

Хамитов Қуат
Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Алматы полициясы қазақстандық спортшы Қуат Найманды қамауға алды. Ол видео түсіріп, дезинфекторларды ұрып, тікұшақтарды атуға шақырған деп жазады KAZ.NUR.KZ Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, азамат Хамитовтың қатысуымен түсірілген видео зорлық-зомбылыққа шақырған. Факт еліміздің Қылмыстық кодексінің 272 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынған.

Спортшы тиісті процесуалдық шараларды жүргізу үшін Алматы қаласы полиция департаментіне жеткізілген.

"Қылмыстық іс бойынша тергеу шаралар кешенінің нәтижелері бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады. Оның іс-әрекеттеріне принципиалды түрде баға беріледі", - деді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Айта кетсек, мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға шақыру және жаппай тәртіпсіздіктер немесе жаппай тәртіпсіздіктерге арандату - азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақырумен тең.

Мұнда айыпталушының үш жылға дейін бас бостандығы шектелуі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетсек, қазақстандық спортшы бұған дейін бес-алты жылда спорт министрі болу ниеті бар екенін айтқан еді. Сөзінше, оның қазіргі басшылықтың қызметіне көңілі толмай отырған көрінеді.

Сондай-ақ Қуат Найман Қазақстандағы гейлер мәселесіне қатысты пікір білдірді. Спортшы елімізде олардың саны аса көп екенін ойламағанын алға тартты. Ол өзін гейлер қатарына жатқызатын ер азаматтарға деген көзқарасы түбегейлі қарсы екенін жасырмай айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874253-policejler-kuat-hamitovty-kamauga-algany-ras-pa.html