RU

Алматы облысында автобустағы жолаушы 360 мың теңгесін ұрлатып алған

Ақша теңге1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы облысында қоғамдық көлікте тұрғынның 360 мың теңгесін ұрлап кеткен күдікті қолға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарасай ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Шамалған станциясының 38 жастағы тұрғыны микроавтобуста белгісіз адам оның барсеткасынан 360 мың теңге ұрлап кеткені туралы арыз түсірген

Азамат ұрыны ұстамақшы болғанда, ол қашып кеткен. Дегенмен, ұрыны суретке түсіріп үлгерген.

«Аз уақыт ішінде тергеушілер бұрын ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған Іргелі кентінің 41 жастағы тұрғынын Алтын Орда базарынан анықтап, ұстады. Оны жәбірленуші де, кондуктор да таныған және басқа да дәлелдермен әшкереленген. Күдікті тонау дерегін толық мойындады», - дейді Қарасай аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Абай Тынышбаев.

Ер адам ұрлағани ақшасын өз көлігін жөндетуге жұмсап үлгерген. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 191 бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Еске сала кетсек, өткен айдың соңында Алматыда 105 миллион теңгесі бар сейф ұрланғанын хабарлаған едік. Полиция қылмыскердерді тез арада қолға түсірген.

Сондай-ақ, осыған дейін Алматы облысында 5 миллион теңгеге зергерлік бұйымдар ұрлаған гастербайтерлердің қолға түскенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874259-almaty-oblysynda-avtobustagy-zolausy-360-my-tegesin-rlatyp-algan.html