RU

"Аяқ-қолы мен басын пешке жаққан": Ақмола облысындағы сұмдық қылмыс ашылды

қылмыс
Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан

Ақмола облысының полицейлері осы жылдың ақпан айында жасалған аса ауыр қылмысты ашты. Бұланды ауданының тұрғыны 57 жастағы танысын өлтіріп, денесін бөлшектеді деген күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Бұл қанды оқиға туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Марқұмның туыстары полицияға 25 наурызда хабарласқан, оған дейін оны бір ай бойы өздері іздеген көрінеді.

Туыстарының айтуынша, жоғалған адам ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласына жұмысқа кетіп, содан кейін ешкімге хабарласпаған.

9 тамызда полицейлер тұрғынның жоғалып кетуіне 34 жастағы азаматтың қатысы бар болуы мүмкін деп күдіктенді.

"2020 жылы ақпанда күдікті 57 жастағы ер адаммен жанжалдасып қалып, оны өлтіргені анықталды, олар бірге алкогольді ішімдік ішкен. Қылмысты жасыру үшін оның аяқ-қолы мен басын пешке жағып, денесін үйінің ауласындағы сарайға көміп тастаған", - деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.

Күдікті қамауға алынды. Ол сегіз жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Құлсарыда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен фермердің денесі табылғаны туралы хабарлаған едік.

47 жастағы шаруа қожалығының басшысы Нұралы Нұртілеуов 6 қыркүйекте бір үйір жылқысын іздеуге мотоциклмен кетіп, содан бері байланысқа шықпаған.

Бұған дейін фермердің туыстары жиналып, ер адамды жергілікті мал ұрылары өлтіруі мүмкін екенін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874260-aak-koly-men-basyn-peske-zakkan-akmola-oblysyndagy-smdyk-kylmys-asyldy.html