RU

Елімізде өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда өткен тәулікте 65 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Елдегі коронавирус дертінің көрсеткіші бойынша 14 қыркүйек күні сағат 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдайды назарға ұсынамыз.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 3

Алматы қаласы - 2

Ақмола облысы - 3

Ақтөбе облысы - 1

Алматы облысы - 3

Атырау облысы - 9

Шығыс Қазақстан облысы - 20

Батыс Қазақстан облысы - 7

Қарағанды облысы - 5

Қостанай облысы - 2

Павлодар облысы - 1

Солтүстік Қазақстан облысы - 6

Түркістан облысы - 3

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 106920.

Еске салсақ, бұған дейін карантин кезінде демалыс күндері қандай нысандардың жұмысына рұқсат етілгенін жазған болатынбыз. 14 қыркүйек күні премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және жұмыс күндері келушілердің ағынын азайту мақсатында демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат беру туралы шешім қабылданған болатын.

Одан бөлек, Жандарбек Бекшин Алматыда ЖРВИ мен тұмаудың толқыны қашан басталатынын айтқан еді. Дәрігер жыл сайын қауіп тобындағы адамдарға тұмауға қарсы тегін вакцина салынатынын айтты. Ал биыл медицина қызметкерлеріне, диспансерлік есепте тұратын және жиі ауыратын балаларға, 6 айдан асқан балалар мен балалармен бірге тұратындарға екпе тегін егілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874264-elimizde-tken-tulikte-kansa-adam-koronavirus-zktyrdy.html