Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Швейцария Өзбекстанға Гүлнара Каримованың 131 млн долларын қайтарады

Опубликовано:

Гүлнара Каримова
Фото: kun.uz

Швейцария елі Гүлнара Каримованың швейцария банктеріндегі есепшотта қалған 131 миллион долларын өзбек жағына қайтаратын болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы centralasian.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Швейцария үкіметінің хабарламасына сәйкес, Швейцария мен Өзбекстан келісімге қол қойып, бір-біріне бірқатар талаптар келтірген.

Аталмыш талаптарға сәйкес, Ташкент қайтарылған ақшаны қалай жұмсағанын ашық жариялап, есеп беріп отыруға міндеттелген. Активтер "халықтың жағдайын жақсартатын", елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жобаларға жұмсалуы тиіс.

Белгілі болғандай, Гүлнара Каримованың үстінен қозғалған қылмыстық іс аясында тағы 715 миллион доллар бұғаттаулы күйде қалған. Аталмыш қаражат та алдыңғы шартпен Өзбекстанға қайтарылуы мүмкін. Қаңтарда Өзбекстан бас прокуратурасы Гүлнара Каримованың ісі аясында Швейцарияға 70 өнер туындысын қайтаруға келіскен болатын.

Өзбекстан елінде Гүлнара Каримова "ақша жымқыру" және "бопсалау" баптары бойынша сотталған. Ал 2012 жылы Швейцарияның федералдық прокуратурасы қылмыстық іс аясында Каримованың шамамен 879 миллион долларын бұғаттаған болатын. Былтыр бұл соманың 131 миллион доллары тәркіге алынған.

Мамырода Франция Өзбекстанға Каримованың 10 миллион долларын қайтарып берген еді. Аталмыш қаражат Өзбекстанның мемлекеттік бюджетіне аударылып, жалпы мақсатта жұмсалып жатыр.

Өзбекстан билігі Каримованың 1,3 миллиард доллар активі бойынша Швейцария, АҚШ, Франция, Ресей Федерациясы және өзге елдердің құзырлы органдарымен жұмыс істеп жатыр.

Еске салсақ, Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін 2017 жылы қызы Гүлнара Каримова Өзбекстанда 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Оған "салықтан жалтарды", "қаржы жымқырды", "бопсалады", "офшор компаниясының құжаттарын жойды" дегеп айып тағылды. АҚШ пен Еуродақтың бірнеше елі Каримованы қаржы жымқырды деп айыптағаннан кейін Өзбекстанда экс-президенттің қызының үстінен іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1874268-svejcaria-zbekstanga-glnara-karimovany-131-mln-dollaryn-kajtarady/

pixel