Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәулік ішінде елімізде 7 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды

Опубликовано:

Коронавирус
Фото: pixabay.com

Қазақстанда тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан қанша адам көз жұмғаны анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Құзырлы мекеме 15 қыркүйекке арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратпен бөліскен.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 409 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 37 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 362 науқас жатыр. 2 047 адам амбулаториялық жағдайда емделуде", - дейді министрлік.

Мекеме мәліметіне сәйкес, 124 науқастың жағдайы ауыр. Оның ішінде 20 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.​

Сол арада coronavirus2020.kz сайты 15 қыркүйекте тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты назарға ұсынды.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 8 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелген.

1 тамыздан бастап ауырғандар саны - 29 666, 331 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26 335 жетті.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, карантин кезінде демалыс күндері қандай нысандардың жұмысына рұқсат етілгенін жазған едік. Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және жұмыс күндері келушілердің ағынын азайту мақсатында демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат беру туралы шешім қабылданған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874280-tulik-isinde-elimizde-7-adam-koronavirus-pen-pnevmoniadan-kz-zmdy/

pixel