RU

Ресейлік валюта бағамының құлдырауы теңгеге қалай әсер етеді

Telegram logo VKontakte logo

Қазақстан мен Ресей экономикалық тұғыдан жақын серіктестер болып табылады. Осы орайда ресейлік валюта бағамының құлдырауы төл теңгемізге қалай әсер ететінін Нұрфин материалынан оқыңыз.

Доллар

Көрнекі фото: freepik.com

2020 жылдың басынан бері ресейлік рубль өз құнын 21 пайызға жоғалтқан. Бұл үдерістер төл теңгемізге әсер етпей қоймады. Одан бөлек, Түркия, Бразилия мен Оңтүстік-Африкалық Республиканың да валютасы құлдыраған.

Көршілес елімізде күтіліп отырған санкциялар мен экономикалық ахуалы теңгеге қалай әсер ететінін FinReview порталының сарапшылары айтып берді.

Портал ақпаратына сәйкес, әлемдік валюталардың ең құбылмалы 20 валютасы қатарында көшті ресейлік валюта бастаған.

Бұған бірнеше факторлар әсер еткен: пандемиядан кейінгі кезең, мұнай нарығы, базалық ставканың 4,25%-ға төмендеуі рубль бағамына әсер етпей қоймайды.

Сонымен қатар, сарапшылар жылдың аяғында ресейлік валюта долларына 80-85 рубль тұруы мүмкін екенін болжауда.

Эпидемиологиялық ахуалдың кезекті толқыны мен антиресейлік санкциялардың енгізілуі ресейлік валютаның құнын долларына 90 рубльге дейін жеткізуі ғажап емес.

маска тағу

Тағы да оқыңыздар

Бекшин Алматыда ЖРВИ мен тұмаумен ауыру қашан басталатынын айтып берді

Осы орайда теңгенің экономикалық тұрғыда рубль бағамымен тығыз байланыста екенін ескеретін болсақ, рубль теңгемізге әсер ететінін аңғаруға болады. Десе де бұл екі елдің валютасы бір деңгейде құлдырайтынын білдірмейді дейді FinReview сарапшылары. Бұған келесі факт дәлел бола алады - рубль жыл ішінде долларға шаққанда 21 пайызға құлдыраса, теңге 11,4 пайызға құлдыраған.

Ал өзара бағам бойынша отандық валюта рубльға шаққанда 5,3-6,2 теңге деңгейінде болуда. Бұл рубль теңге бағамына әсер ететін жалғыз фактор еместігін байқатады.

Портал сарапшылары қазақстандық валюта салыстырмалы түрде тұрақтылығын сақтап, долларына 410-430 теңге деңгейінде болады деп болжам жасауда.

Қаржы нарығы мен экономика секторын сәтті қалпына келтіре алсақ, еліміздің валютасы нығайа түсуі мүмкін. Алайда ағымдағы жылдың аяғына дейін мұнай бағасы барреліне 60 долларға дейін бұрынғы қалпына келетінін күтудің қажеті жоқ. Қазақстанға шағын және орта бизнесті дамытуға ден қойған абзал. Бұл мақсатты орындауда шетел инвестицияларының көмегіне жүгінуге болады дейді портал сарапшылары.

теңге мен доллар 1

Тағы да оқыңыздар

KASE доллардың бірден қымбаттап кету себебін түсіндірді

Еске салсақ, бұған дейін біз зейнетақы жинағыңыздың мөлшерін қалай білуге болатынын жазған едік.

Одан бөлек, елімізде жаңа баспана құны қаншалықты қымбаттағанын жазған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Ресейлік валюта бағамының құлдырауы теңгеге қалай әсер етеді