RU

"Үй орнында батпақ": Қарағанды әкімінің орынбасарына қатысты жаңа дерек шықты

Жақсылық Шалабеков1
Жақсылық Шалабеков. Фото: gov.kz

Қарағандыда қала әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабеков бюджеттің 107 млн теңгесін жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл қаражата үй кезегіндерге арналған көп қабатты ұйлерге бөлінген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жақсылық Шалабековтың бұл қызметте отырғанына небәрі бір жыл болған. Ол көпшілікке өңірдің бас құрылысшысы ретінде белгілі.

"Астана" телеарнасының жазуынша, Октябрь ауданындағы екі 9 қабатты үйді салуға мемлекеттік бағдарлама бойынша қаржы екі жыл бұрын бөлінген. Алайда құрылыс сол күйі аяқталмаған.

Бүгінде қазылған шұңқырларда батпақ пайда болған. Кезекте тұрғандар пәтерлеріне жаңа жыл мерекесінде қоныстанады деп жоспарланған. Үй кезегіндегілердің қатарында көпбалалы аналар, мүгедектер, бюджет қызметкерлері бар.

Аванс ретінде мердігер компания 100 млн теңгеден астам ақша алған. Қазіргі уақытта құзырлы органдар қаражаттың қайда жұмсалғанын анықтау үстінде.

Істің мән-жай тексеріліп жатқанда, отбасылар өз кезектерін күтіп отыр. Мәселен, Алма Ақпанбекованың алты баласы бар. Олар отағасының жалақысна күн көреді, пәтер жалдап тұрады. Айтуынша, әлі де үй алмағандар өте көп. Барлығы баспаналарына кіреміз деп үміттенген. Алайда үміттері су себкендей басылған.

Еске сала кетсек, Қарағанды ​​қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабековтің ұсталғаны туралы ақпарат желіде 13 қыркүйек күні пайда болған еді.

Кейінірек, шенеунікке нақты қандай айып тағылғаны белгілі болды. Жақсылық Шалабеков алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамдармен бюджет қаражатын жымқырды және жұмсады деген күдікке ілінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874300-j-ornynda-batpak-karagandy-kimini-orynbasaryna-katysty-zaa-derek-sykty.html