RU

"Амандығыңды тілеймін": Айгүл Иманбаева тұрмысқа шыққалы жатыр ма

Telegram logo VKontakte logo

Отандық танымал актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева бейтаныс азаматпен түскен фотосын жариялап, желіні шулатты. Көпшілік өнер иесінің суретін қызу талқылап, оның жақын арада тұрмысқа шығатынын болжап тастады. Бірнеше күн бойы бұл мәселеге қатысты үнсіздік сақтаған өнер иесі ақыры мән-жайды айтып, қауесеттерге нүкте қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева белгісіз ер адаммен

Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Айгүл Иманбаева Instagram парақшасында белгісіз ер адаммен фотосын жүктеймін деп елдің сөзіне қалды. Желі қолданушылары актрисаның қасындағы адамды оның сүйіктісі деп топшылап, тойдың ауылы алыс емес екенін болжады.

Алайда, орын алған қызу талқыға қарамастан эстрада жұлдызы суреттегі азаматтың өзіне кім болып келетінін айтуға асыққан жоқ. Ол арада тек бір апта өткен соң ғана көпті қызықтырған сұраққа жауап беріп, жеке өміріне қатысты қауесеттерге нүкте қойды.

Анықталғандай, фотодағы ер адам Иманбаеваның ғашығы емес, әріптесі болып шыққан.

"Бір аптадан бері әлеуметтік желіде "Айгүл тұрмысқа шықты" деген жалған ақпарат желдей есіп жүр. Оған себеп болған менің өз парақшама бірге оқыған курстасым, 27 жыл Өнер айдынында бірге келе жатқан әріптесім, актер, Өнер Университетіндегі А.И Шеберханасының кураторы, мастері Бағлан Иманғазиновпен бірге түскен фотом.
рэпер 11

Тағы да оқыңыздар

Ресейлік рэпердің әйелі марқұм күйеуімен селфи жасап, желіге жүктеп қойған

Менің бір түсінбегенім, салған фотоның астына (бізде осындай фото бар) деген сөзден басқа артық ақпарат жазған жоқпын. Шәкірттеріміз түсірген әдемі фото болған соң, салған едім. Мен өзімнің жеке өмірімді ешқашан әлеуметтік желіде бөліскен емеспін және бөліспеймінде. Себебі, ол жеке өмір. Жалпы мен ақталуға тиісті емеспін.Және парақша менікі, қандай фото салам, қандай сөз жазам оны өзім білемін.

Шығармашылық адамның парақшасыда өзгелерден басқаша болуда керек.Ал ойды әркім өресіне қарай түйеді. Ал ылги менің Бақытты болғанымды тілеп отыратын оқырмандарыма, қашанда жақсы тілек жазғандарыңызға мың алғыс. Аумин, көптің тілеуі көл деген айтқандарыңыз келсін" , - деп жазды Иманбаева.

Айта кетейік, бұған дейін Айгүл Иманбаева маңызды мәлімдеме жаса, елді таңғалдырған болатын.

Пол

Тағы да оқыңыздар

Денесінің 98 пайызын қараға бояған жігіт тіпті қолтығына дейін тату салдырған

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Амандығыңды тілеймін": Айгүл Иманбаева тұрмысқа шыққалы жатыр ма