RU

АҚШ қалаларының бірінде көшеде шалбарды түсіріп киюге рұқсат етілді

Telegram logo VKontakte logo

АҚШ-тың Флорида штатындағы Опа-Лока қаласында тұрғындарға көшеде шалбардың ауын түсіріп киюге ресми түрде рұқсат етілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы novosti-n.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шалбар

Көрнекі фото: novosti-n.org

Белгілі болғандай, 13 жыл бұрын Флорида штатының Опа-Лока қаласында шалбарды "ауын салбыратып" кигенге тыйым салынған екен деп жазады AP News. Билік адамның іш-киімі көрініп қалатындай деңгейде шалбарды түсіріп киюді әдепсіздік қатарына жатқызып келген.

Осылайша, жергілікті тұрғындар мұндай "әдепсіздік" үшін 500 долларға дейін айыппұл арқалап келіпті. Немесе бұл жазаның орнына 25 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылған екен.

Бір қызығы, 13 жыл бұрын мұндай тыйым тек ер адамдарға ғана салынған болып шықты. Ал әйелдерге өңірде шалбарын түсіріп киюге тыйымды тек 2013 жылы салған.

Бұл тыйымның маңызды болғаны соншалық, барлық қала көшелерінде арнайы тақталарға ескерту жазылған плакаттар ілініп келіпті.

Бүгінде тыйым салатын заң өз күшін жойған. Мұндай шешімге қала тұрғыны Элвин Берк қана қарсы шыққан. Қала комиссиясының 66 жастағы мүшесі "шалбарды салбыратып киюге тыйымның" дұрыс шешім екенін алға тартып, заңның өз күшін жойғанын қаламаған. Ол жұрттың алдында шалбарды салбыратып кию адамды ақымақ етіп көрсетеді деген пікірде.

Той

Тағы да оқыңыздар

Коронавирустан тойына қонақ шақыра алмаған жас жұбайлар оғаш шешім ойлап тапты

Еске салсақ, бұған дейін біз коронавирустан тойына қонақ шақыра алмаған жас жұбайлар оғаш шешім ойлап тапқанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, адамның өмір жасын ұзартатын сусын түрі анықталғанын жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
АҚШ қалаларының бірінде көшеде шалбарды түсіріп киюге рұқсат етілді