Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеті баламның анасы": Жоланованың жас баламен көңіл қосқаны рас па (фото, видео)

Опубликовано:

Гүлназ Жоланова мен Дәулет
Фото: Instagram/dake_zzz

Отандық танымал актриса Гүлназ Жоланованың жеке өмірі бүгінде ел аузында. Көпшілік оны інісімен жасты жігітпен көңіл қосты деп болжауда. Жас блогер белгілі киножұлдыздың жүрегін жаулау үшін барын салуда. Ол тіпті, шоу-бизнес сылқымының артынан Түркияға дейін барған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлназ Жоланова мен Дәулет Есенбайұлы есімді отандық блогердің қарым-қатынастарының өрбуіне барша желі қолданушылары куә болып отыр. Instagram парақшасын белсенді түрде жүргізетін жігіт қалауындағы ару үшін қандай ерлікке барғанын оқырмандарымен бөлісіп отырады.

Ол Гүлназ екеуінің басынан Түркияда қандай қызықтар өткенін айтып, ерекше сәттердің видеоларын ел назарына ұсынған. Жас жігіт бастапқыда Жолановадан ұялып жүргенін көрсетсе, кейін оны сенімді түрде болашақ жеті баласының анасы деп атап кетті.

Алайда, жастар түрік елінде ұзақ бірге бола алмаған. Актриса "Қазақша бизнес Түркияда" фильміндегі түсірілімі аяқталған бойда елге оралса, жас блогер Стамбұлда қалып қойды. Алайда, ғашығының көңілін табу үшін ол ерекше тосын сый жасаған.

Дәулет Есенбайұлы жақын достарына Гүлназды әуежайдан күтіп алып, оған өз атынан үлкен раушан гүлдер шоғын тарту етуін тапсырған. Олар өзіне жүктелген міндетті атқарып, киножұлдызды үйіне дейін жеткізіп тастады.

Жігіттер Түркияда қалған досына тіпті видеожазба жолдап, онда ғашығы үшін еш алаңдамауын айтқан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Айгүл Иманбаева өзінің екінші мәрте түрмысқа шығуына қатысты қауесеттерге жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1874343-zeti-balamny-anasy-zolanovany-zas-balamen-kil-koskany-ras-pa-foto-video/

pixel