RU

"Заң бұзушылық": ІІМ Қуат Хамитовтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Telegram logo VKontakte logo

Ішкі істер министрлігі атақты спортшы, аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтың ұсталуына байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото

Фото: Қуат Найманның әлеуметтік желідегі парақшасы

Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн брифинг барысында айтты.

"Бұл азамат әлеуметтік желі арқылы азаматтарды заңсыз әрекеттерге үндейтін видео жариялаған. Бұл - тікелей заң бұзушылық. Мұндай әрекеттерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Ішкі істер министрлігі жалған ақпараттарды таратпауға және ресми дереккөзге сенуге шақырады", - деді ол.

Ал спортшының өзі әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл жағдайдан кейін алғаш рет жазба қалдырды.

"Біз үшін отан мен халық бірінші орында болуы керек", - деді Хамитов Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматы полициясы қазақстандық спортшы Қуат Найманды қамауға алғанын жазған едік.

ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, азамат Хамитовтың қатысуымен түсірілген видео зорлық-зомбылыққа шақырған.

Сот

Тағы да оқыңыздар

Павлодарда сырқат балаларды қорлаған санитарлар сотталып кетті

Факт еліміздің Қылмыстық кодексінің 272 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынған. Спортшы тиісті процесуалдық шараларды жүргізу үшін Алматы қаласы полиция департаментіне жеткізілген.

"Қылмыстық іс бойынша тергеу шаралар кешенінің нәтижелері бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады. Оның іс-әрекеттеріне принципиалды түрде баға беріледі", - деді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Заң бұзушылық": ІІМ Қуат Хамитовтың ұсталуына қатысты пікір білдірді