Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңарған қаланың жаңалығы: Қызылорда әкімі бірқатар нысандарды аралады

Опубликовано:

Қызылорда әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

14 қыркүйек күні Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала құрылысының бас жоспарына сай Сырдария өзенінің сол жағалауын дамыту жобасы аясында атқарылып жатқан шаруаларды бақылау мақсатында бірқатар нысандарды аралады.

Шаһар басшысы алдымен сол жағалауда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды саралады. 2017 жылы құрылысы қарқын алған сол жағалауда бүгінде 50 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, 10 мыңнан аса тұрғын қоныстанған. Жаңа қалада мұражай, мектеп, балабақша, университет, жастар орталығы сынды әлеуметтік нысандар да өз жұмысын бастады.

Жыл соңына дейін тағы 14 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, кезекте тұрған азаматтар баспаналы болады деп жоспарлануда. Сонымен қатар сол жағалаудан 900 орындық мектеп, 140 орындық балабақша, театр, салтанат сарайын салуда бас жоспарға енгізілген.

Жұмыстардың жай-жапсарын көрген Нұрлыбек Машбекұлы сала басшыларына келер жылға дейін тұрғын үй аулаларына салынатын демалыс парктерінің эскиздік жобасын даярлап тапсыруды жүктеп, коммерциялық нысандар салу үшін кәсіпкерлерді тарту керектігін баса айтты. Бос жерлерді игеру мәселесін де ұтымды үйлестіру керек екенін атап өтіп, құрылыс жүргізуге ниетті кәсіпкерлердің барлығын қолдау керектігін жеткізді.

Қызылорда әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Бас жоспарға сай сол жағалаудан бой көтеретін нысанның бірі Шығыс стиліндегі жабық базар. 3 мың шаршы метр аумаққа орналасатын базардың құрылысы 2020-2023 жылдар аралығына жоспарланған. Қазір құрылыс жұмыстары басталып, алдағы жылы бірінші бөлігін пайдалануға беру межеленуде. Құрылысқа қарқын қосуды тапсырған шаһар басшысы, қаладағы базарлардан орын болмай сыртында тұрған кәсіпкерлер кезең-кезеңімен осы аумаққа көшірелетінін айтты.

Одан әрі қала әкімі сол жағалаудағы «Шіркейлі» каналының үстінен өтетін көпір құрылысының жүргізілу барысын көрді. 4 жолақты, ұзындығы 102,8, ені 21 метр көпірдің құрылыс жұмыстары 90 пайызға аяқталған. Мердігер құрылысты жоспарға сай жүргізіп, қыркүйек айының соңына дейін тапсыруды межелеп отыр.

Бұл көпір сол жағалауды Батыс Еуропа – Батыс Қытай басты жолымен байланыстырады. Қазір жаңа көпірді күре жолға қосу үшін айналмалы көпір құрылысын жүргізу жоспарлануда. Айналмалы көпірді салып, басты жолға қосу шамамен 2-3 жылды қажет етеді. Әйтседе бұл уақытта дайын тұрған жолмен көпірді игеру керек екенін айтқан шаһар басшысы

«Айналмалы көпірдің біткенін күтіп отырмай, аудандар мен ауылдардан келетін тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін уақытша жол жасап, күре жолға қосуды қолға алуымыз керек» - деп, бұл жұмыстарды жыл соңына дейін шешуді тапсырды.
Қызылорда әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Бұдан бөлек, Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев шаһардағы абаттандыру-көгалдандыру жұмыстарының атқарылу деңгейін де тексерді. Алдымен қала басшысы 35 гектар аумаққа орналасып, облыс орталағының келбетіне көрік қосқан «Қалалық денсаулық және демалыс саябағын» абаттандыру жұмыстарын көрді.

«Бақ – Береке 2030» ЖШС жоспарға сай саябақта веложол, 6 спорттық ойын алаңы, аяқ су каналы, түнгі жарық шамдары мен орындық, қоқыс жәшіктерін орнатқан. Сонымен қатар 20 717 көшет пен, 61 мыңға жуық гүлдер егіліп, 10 450 шаршы метр аумақ абаттандырылған.

Саябақты аралап көрген шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев мердігер жұмысын жоғары бағалап, жасыл желекті көбейту мақсатында қала тұрғындарын күзгі маусымда тал көшеттерін отырғызуға үндеу керектігін айтты.

Қызылорда әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Шаһар басшысы «Жұмыспен қамту жол картасына» сай атқарылған жұмыстарды да тексерді. Қазіргі таңда «Сыр Ана» монументін қайта жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталды. «Техноснаска - Ремсервис» ЖШС 3150 шаршы метр аумақты көгалдандырып, 348 дана ағаш көшеттерін, 7 900 шаршы метрге газон төсеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, 10 454 шаршы жерге жаяу жүргіншілер жолы мен 2 комплект спорттық-ойын алаңы, 2 су бұрқақ салынды.

С.Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейін 4,6 шақырымды құрайтын магистральді жол құрылысы қарқынды жүруде. «Қыран» ЖШС жоба бойынша күре жол бойына 3 шақырымға жуық веложол мен жаяу жүргінші жолын, 3 автотұрақ, 4 аялдама орнатып, түнгі жарық шамдармен қамтиды. Қазіргі уақытта 1,7 шақырым жолға қиыршық тас төселіп, дамбы бойын таспен бекіту жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асқан жобаның бірі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылын абаттандыру жұмыстары. Сыр сүлейлері аллеясынан бастау алып Тасбөгет кентіне дейін жалғасатын ұзындығы 8 шақырымнан аса жол бойын көгалдандырып, 4 субұрқақ пен тротуар салуды «Асанас - Дар» ЖШС жауапкершілікке алған.

Қызылорда әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Мердігер жоба аясында 180 адамды жұмыспен қамтыған. Қала әкімі аралау барысында Облыстық көпбейінді аурухана маңына аялдап, абаттандыру жұмыстарының қарқынын көріп, бұл аумаққа «Дәрігерлер аллеясы» атауы берілетінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1874352-zaargan-kalany-zaalygy-kyzylorda-kimi-birkatar-nysandardy-aralady/

pixel