Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бөгде азаматтың қалжыңын көтере алмаған жұбайлар ажырасып кетті

Опубликовано:

Ұрыс
Көрнекі фото: pixabay.com

Reddit сайтының қолданушысы орынсыз әзілдеймін деп ерлі-зайыптылардың ажырасуына себеп болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш сайттың "Бүгін мен шалыс бастым" атты айдарында showmeyourunit лақап атымен өз жағдайын баяндаған азамат өзінің орынсыз қалжыңдағанына өкінетінін алға тартты.

Айтуынша, ол дүкен кассасында тұрған әйелге толықтығын бетіне басып қалжыңдай бастаған. Әйелдің қасында тұрған күйеуі ер адамның бұл қалжыңына қосыла кетіп, бірге күле бастайды. Ол әйеліне жақтасудың орнына, әзілқоймен бірге қалжыңға ортақтасқаны үшін оңбай опық жейді.

"Толық әйелдің артында кезекте тұрғанмын. Артынша, бір ер адам келіп, "мен ол әйелдің күйеуімін" деп өткізіп жіберуімді сұрады. Мен "сіздің мұндай "бақытқа" ие болған қайғыңызға ортақпын" деп қалып едім ол күліп жіберді. Мұндай қалжыңым, бәлкім жақын достарымның арасында ғана орынды болар ма еді? Алайда бейтаныс адамдарға бұлай әзілдегенім дұрыс болмады", - дейді ол.

Әйел күйеуіне ашуланғаны соншалық, "Не үшін күлесің, біз жаңа ғана отбасылық психологта болдық емес пе, сен үшін бұл күлкілі көріне ме?" деп айқайлап жіберген. Ол дүкеннен шығып кетіп, күйеуі артынан жүгіріп шығады.

Әзілқой болса, дүкендегі саудасын жасап болып, сыртқа шыға бергенде әлгі ерлі-зайыптылардың сыртта әлі де жанжалдасып тұрғанын байқайды.

Әйел өзін мазақ еткен азаматпен бірге күліп тұрған күйеу оған қажет еместігін айтып, дәл сол жерде ажырасатынын мәлімдеген.

Өз оқиғасымен бөліскен әзілқой жігіт өзінің қателігін қайталамауға шақырды. Ол ендігі бөтен адамдарға абайлап қалжыңдайтынын айтуда.

Еске салсақ, бұған дейін біз АҚШ қалаларының бірінде көшеде шалбарды түсіріп киюге рұқсат етілгенін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, жолы болғыш азамат гаражынан құны 130 мың долларлық шәйнек тауып алғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1874353-bgde-azamatty-kalzyyn-ktere-almagan-zbajlar-azyrasyp-ketti/

pixel