RU

ҰБТ-2021: Аймағамбетов қандай жаңашылдықтар болатынын атады

Фото
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесіне енгізілетін жаңашылдықтарды атады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы министр Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Әріптестерімізбен тестілеуді (ҰБТ) өткізу рәсімін жетілдіру керек деген қорытындыға келдік. Цифрландыру дәуірінде комиссия құрамында бірнеше мың адамның болуын қамтамасыз ету үшін 1,5 миллиард теңге жұмсауға жол берілмеуі керек, оның үстіне, оның нәтижесі – тиімсіз. Сондықтан бұл рәсім заманауи прокторинг пен бейнебақылау жүйесі қамтамасыз етілген электронды форматқа өтеді", - деді Аймағамбетов.

Ол сұрақтардың мазмұны әлі де көңілінен шықпайтынын жеткізді.

"Соңғы бірнеше жылда тестілеу сұрақтарының базасын жаңарту бойынша жұмыс жүргізілгеніне қарамастан, сұрақтардың басым бөлігі әлі де қажетсіз фактілерді жаттап, есте сақтауға бағытталған. Содан кейін бірінші орынға сыни ойлау мен функционалдық сауаттылықты қоймаса, жаттанды ақпаратты автоматты түрде айту арқылы оқу процесінің маңыздылығы жоғалады. Функционалдық сауаттылыққа мән беру және білімді өмірде қолданатын кез келді. Енді алдымызда тестілеу базасын SAT, PISA секілді тесттердің үлгісі бойынша толық жаңарту мәселесі тұр. Бұл мүлдем басқа сипаттағы тапсырмалар, яғни тестте жаттап алуға, көшіруге мүмкіндік бермейтін сұрақтар болуы керек. Талапкерлер тапсыратын пәндер бойынша да нақты шешім қабылдауы қажет", - дейді министр.
Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

Аймағамбетов ҰБТ-ны мектептегі қорытынды емтиханға және жоғары оқу орнына түсу емтиханына бөлгеннен кейін қажетті құзыреттіліктерді бағалау тәсілдерін өзгерту бойынша да мүмкіндік туғанын хабарлады. Себебі ҰБТ-да мектепте алған білімін бағалау емес, жоғары оқу орнына түсерде өзі таңдаған мамандығы бойынша білім алуға деген дайындығын бағалау маңызды.

Фото
Көрнекі фото: Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі

"Сауатты әрі түсінікті сұрақтар. Бұл – алдағы уақытта атқаратын өте ауқымды әрі маңызды жұмыс. Аталған шараның барлығы алдын ала ғылыми деректердің негізінде сарапшылар мен педагогтердің талқылауы арқылы қабылданатыны сөзсіз. Содан кейін ғана нақты шешім қабылданады", - деді білім және ғылым министрі.

Еске сала кетейік, бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифинг барысында қашықтан оқыту туралы сөз қозғап, дәстүрлі форматқа ауысудың мерзімі туралы айтқан болатын.

Сондай-ақ денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы брифинг барысында оқушыларды қашықтықтан оқыта беруді жалғастыруды ұсынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874360-bt-2021-ajmagambetov-kandaj-zaasyldyktar-bolatynyn-atady.html