RU

Дискотекада жүрген "прокурорлардың" үстінен қызметтік тексеріс басталды

прокурор еркек
Видеодан кадр: t.me/kozachkow

Әлеуметтік желіде би кешінде көңіл көтеірп жүрген адамдардың видеосы пайда болды. Роликке "Өскемен прокурорлары" осылай демалады деп жазылған. ШҚО прокуратурасы тергеуді бастап кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Облыстық прокуратура Zakon.kz порталына қазіргі уақытта Қазақстанның Бас прокуратурасы ішкі тергеу департаменті қызметтік тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаған.

Айта кетсек, видео журналист Михаил Козачковтың Telegram арнасында жарияланды. Онда ер адамның би алаңында көңілді жүргені, содан кейін ол камераны қасында билейтін қызға бұрғаны көрсетілген.

БАҚ өкілі Өскемен прокурорлары жақсы жұмыс істеп, демалатынын жазған. Сол кезде облыстық прокуратура видеоны Telegram желісінен көргенін айтып, тексеру басталғанын хабарлаған.

Еске сала кетсек, кеше Маңғыстауда лауазымды шенеуніктің көпшілікпен бірге туған күнін атап өткені хабарланған еді.

Көпшіліктің басын қосып, туған күнін тойлаған Маңғыстау облысы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлібековаға карантин шаралары да кедергі келтірмеген.

Айта кетсек, видео пайда болғаннан кейін шенеунікке сөгіс жарияланған. Мұндай жарлықты өңір басшысы шығарған.

Ведомствоның түсіндіруінше, ролик 13 қыркүйекте экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының ұжымы табиғатқа шыққан кезде түсірілген. Бұл басшының туған күнімен тұспа-тұс келген. Жексенбі күні 25 қызметкер өз еріктерімен табиғат аясына шыққаны айтылған.

Әлеуметтік желіде жарияланған видео негізінде басшы Марина Әлібекова санитарлық ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған 30 АЕК айыппұл салынған, алайда ол бірден төлегендіктен екі есеге қысқарған. Яғни Марина Әлібекова 15 АЕК (41 670 теңге) төледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874370-diskotekada-zrgen-prokurorlardy-stinen-kyzmettik-tekseris-bastaldy.html