RU

"Біз келгенде нәресте өлі еді": Атыраудағы атышулы іс жайлы тың дерек шықты

Сот1
Фото: azh.kz

Атырауда перзентхананың тоңазытқышында қайтыс болған нәресте өлімі туралы резонанстық іс бойынша сот жалғасып жатыр. Тергеу мәліметтері бойынша, дәрігерлер оны өлтірерге дейін нәресте тірі болған. Кезекті сот отырысында перинаталдық орталықтың бұрынғы директоры Қуаныш Нысанбаевтың сөздерді жасырын тыңдап, жазып алған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкерлері тыңдалды. Бала өліміне қатысты жаға ұстатар жаңа мәліметтер пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сотта перзентхананың бұрынғы басшылығы тарапынан жаңа туған нәрестелер өлімінің статистикасын төмендету туралы нұсқаулар берілуі мүмкін екені белгілі болды.

Залға облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ерекше маңызды істер жөніндегі офицері Бауыржан Ертаев шақырылды. Ол бөлім қызметкерлері тоңазытқышқа салынған тірі сәби туралы білгеннен кейін болған жағдайды айтты деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Бауыржан Ертаевтың сөзіне қарағанда, ол сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінген перзентхана басшысына сөздерін жасырын жазып алуға бастамашы болған. Сондықтан дәрігерлердің баланы мұздатқышқа салу туралы әңгімесін ол алғаш білген. Бұл сағат 20.30-да болған.

Жазбаны тыңдап болғаннан кейін офицер бастықтың жедел жұмыс жөніндегі орынбасарына есеп берген, ол прокурорға және тергеу тобына хабарлаған. Бауыржан Ертаевтың өзі дереу перинаталдық орталыққа барған.

"Ол кезде бізде ақпарат өте аз болды, облыстың бас неонатологы осындай нәрселерді айтқанына біздің өзіміз де сене алмадық",– деп түсіндірді департамент қызметкері.

Әріптестерімен тиісті жерге сағат 20.45-те жеткен ол жаңа туған нәрестені табу үшін қызметкерлерден тоңазытқыш қайда екенін сұрай бастаған. Алайда, оларды біраз уақыт перзентхананың ішінде еркін жүруіне тосқауыл болған. Бұл уақытта кезекші дәрігер ота жасап жатқан.

Офицердің айтуынша, олар қабылдау бөлімінде жарты сағаттай болған. Бұл іс бойынша тергеуші де орталыққа келіп, қажетті әрекеттерді жүзеге асыра бастады. 21.15-те олар акушер-гинеколог Қайыржаннан тоңазытқыш пен нәресте туралы сұрап, жоғары көтеріле бастапты.

"Тоңазытқышты ашқанда нәресте көк жаялыққа оралған, өлі еді", – деді Бауыржан Ертаев.

Бұған дейін сотта перзентхана директоры Нысанбаев пен акушер-гинеколог Қайыржан арасындағы телефон арқылы сөйлесудің стенограммасын зерттелген. Тергеу мәліметтері бойынша, акушер Құлбатырова бұйрықты орындаушы болды.

Әңгіме барысында дәрігерлер баланы қайда қойған дұрыс – суға, әлде тоңазытқышқа орналастыру туралы мәселені талқылаған. Алайда, олар соңғы нұсқаны жөн көрген, себебі баланы суға салса, онда сараптама өкпеде судың болуын көрсете алады.

Сондай-ақ, тергеушілер дәрігерлердің: "Құдай бізді кешірсін", – деп айтқанын, бұл олардың істің барлық салдарын түсінетінін білдіретінін атап айтты.

Айта кетейік, қайғылы жағдай өткен жылдың күзінде болды. Тергеу босандырған дәрігерлер тірі баланы перинаталдық орталық басшысының нұсқауымен тоңазытқышқа орналастырды деп күдіктенді. Содан нәресте қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874385-biz-kelgende-nreste-li-edi-atyraudagy-atysuly-isti-zaa-egzej-tegzejleri-zarialandy.html