RU

Месси 2020 жылдың ең табысы жоғары футболшысы атанды

Telegram logo VKontakte logo

Аргентина ұлттық құрамасы мен испаниялық "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси Forbes басылымының нұсқасы бойынша 2020 жылдың ең табысы жоғары футболшылар тізімінде көш бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru-ға сілтеме жасап.

Месси 65468

Фото: Getty Images

Forbes басылымының мәліметінше, биыл аргенитиналық футболшы 126 миллион доллар табыс тапқан. 92 миллион долларды ол жалақы ретінде алса, қалған 34 миллион доллар жарнамалық келісімшарттардан түскен.

Бұл тізімде екінші орынға Португалия ұлттық құрамасы мен италиялық "Ювентустың" шабуылшысы Криштиану Роналду жайғасты. Оның биылғы табысы 117 миллион долларды құраған (70 млн – жалақы, 47 млн – жарнамалық келісімшарттар).

Үшінші орын – Бразилия ұлттық құрамасы мен франциялық ПСЖ командасының шабуылшысы Неймардың еншісінде (96 млн доллар). Алғашқы төрттікті Неймардың командаласы Килиан Мбаппе түйіндейді (42 млн доллар).

Сонымен қатар, биыл ең табысы жоғары он футболшының қатарына Мохамед Салах ("Ливерпуль", 37 млн доллар), Поль Погба ("МанЮнайтед" 34 млн доллар), Антуан Гризманн ("Барселона", 33 млн доллар), Гарет Бэйл ("Реал", 29 млн доллар), Роберт Левандовски ("Бавария", 28 млн доллар) және Давид Де Хеа ("МанЮнайтед", 27 млн доллар) кірді.

Алтын1

Тағы да оқыңыздар

29 қылмыстық іс: Жүздеген қазақстандық Qnet желілік компаниясына шағымданды

Еске сала кетейік, бұған дейін әлемдік БАҚ өкілдері "Барселона" капитаны Лионель Мессидің ағылшынның "Манчестер Сити" клубына ауысуы мүмкін екенін жарыса жазған еді.

Айта кету керек, "Барселона" Чемпиондар лигасының ширек финалында "Бавариядан" ірі есеппен жеңілгеннен кейін испандық клубтың бас бапкері Кике Сетьен қызметінен босатылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Месси 2020 жылдың ең табысы жоғары футболшысы атанды