RU

"Психдиспансерге күштеп жатқызды": Екібастұздық келіншек жанайқайын айтты

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Павлодар облысы Екібастұз қаласының тұрғыны өзін үш жарым ай бойы күштеп жүйке жүйесі ауыратындардың емханасына жатқызғанын айтып, шағымданды. Тіпті, дәрігерлердің өзі ауруын сырқат деп сендіріпті. Оларға полицейлер де көмектескен көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, даудың басы Екібастұздағы тұрғын үйден шыққан. Көршілері бірінші қабатта тұратын әйелдің әрекетінен әбден мезі болғандарын жеткізген. Күні-түні маза бермегесін құзырлы органдарға шағымданыпты.

"Осының бәрін әдейі істейді немесе есі ауысқан" деп санайды.

"Түнімен маза жоқ, тықылдатып батареяны ма, қабырғаны ма түртіп, қағады. Даусы деген жердің түбінен шыққандай, төртші қабатқа дейін естіледі", - дейді қала тұрғын Гүлмира Ермекова.

Олар көршісін сөзге тартып көргендерін, алайда еш нәтиже шықпағанын жеткізді.

"Ол маңына жуытпай, айқайлады. Мен емес деуден тайынбады. Сосын біз жүйкесі сыр берген болар деп оайладық", - дейді көршісі Вера Климова.

Көршілерінен шағым түскеннен кейін, 2015 жылдың қаңтарында Гүлмира Жұрқабаеваны полиция бөлімшесіне шақырыпты. Сол жерде учаскелік полицей Рахметов түсініктеме жазуын сұрайды. Артынша тәртіп сақшылары мәселені басқа жолмен шешкен көрінеді.

"Учакелік инспектор жедел жәрдем көлігін шақырды ма, мені күштеп отырғызды, түсінесіз бе?! Көлікке солай мінгізді", - дейді жәбірленуші Гүлмира Жұрқабаева.

Сол кеткеннен Гүлмира Екібастұздағы психиатриялық емханада 3 ай жатқанын атап өтті.

Емханадан шыққасын әйел екі жылдан бері диспансерлік дәрігерлер мен екібастұздық полицейлердің үстінен шағым айтып жүр. Ол басқарма басшысынан бастап өзін барлығы мәжбүрлеп емханаға жатқызды деп санайды. Осылайша, бас бостандығын шектегеніне наразы. 20019 жылы да баяғы оқиға қайталанды, дейді жәбірленуші.

"Учаскелік полицей 22-шағын ауданда жүрген жерімнен көріп, банктен шақырып алды, шағым түсті деді.Сосын күштеп көлікке отырғызды да, психдиспансерге жатқызып тастады", - дейді Гүлмира Жұрқабаева.

Оның сөзінше, жүйке жүйесі ауруларын емдейтін мекемеде тағы 17 күн жатып шыққан.

Дәрігерлер болса "пациентті палатаға жатқыздық, өйткені ол мемлекеттік органдардың жұмыс істеуіне мұрша бермейтінін, қит етсе полицейлер мен емдеу мекемесінің үстінен шағым жазып, жұмысына кедергі келтіретінін айтқан.

Алайда сотта оларға құзырлы орындарға шағымдануға - әрбір қазақстандықтың құқығы бар екенін, және екі жағдайда да мәжбүрлеп емханаға жатқызу дұрыс еместігін түсіндірген.

"Психдиспансер прокуратураға арыз жазып, прокуратураны ескертуі тиіс болатын. Ал олар сотқа арыз түсіреді де, сот менің қорғауымдағы азаматшаны психдиспансерге мәжбүрлеп емдеуге жіберу қажет пе, жоқ па шешім шығаруы тиіс еді", - жәбірленушінің адвокаты Манат Калиянуров.

Осы орайда медицина қызметкерлері хаттама бойынша әрекет еттік деп отыр.

Олар Жұрқабаева орталыққа келген кезде ашушаң болғанын айтады. Алайда, адвокаты бас бостандығыңнан шектеп, мәжбүрлі түрде емханаға жатқызса, кез-келген адам сондай күйде болар еді дейді.

Телеара таратқан ақпаратқа сәйкес, сот жәбірленушіні қолдап, полицейлер мен дәрігерлердің әрекеті бұрыс деген тоқтамға келген. Мәселе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің де назарына іліккені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874394-psihdispanserge-kstep-zatkyzdy-ekibastzdyk-kelinsek-zanajkajyn-ajtty.html