RU

"Бұл саладан кет деді": Тәуекел Мүсілім қай отандық кинорежиссерге жақпай қалды

Telegram logo VKontakte logo

Отандық шоу-бизнес серісі Тәуекел Мүсілім өнер жолында өзге әріптестері секілді түрлі қиындықтарға, сансыз сыни пікірлерге тап болғанын айтты. Бүгінде көптеген отандық кино картиналарда басты рөлді сомдап жүрген актерді бастапқыда кейбір кинорежиссерлар мүлдем жақтырмаған болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі Er-Batyr бағдарламасына сілтеме жасап.

Тәуекел Мүсілім суретке түсуде

Фото: Instagram/mussilim

Тәуекел Мүсілім бәрінен де белгілі кинорежиссер Талғат Теменовтың өзіне айтқан сөздерін есіне сақтап қалыпты. Кино саласының майталманы сері жігітті өз туындыларына түсіргісі келмей, оған тіпті актерлікпен айналыспай-ақ қойған жөн екенін бетіне басқан.

"Эпизод және массовка болып жүрдім. Сол кезде Талғат Теменовтың айтқан сөзі бар. Мен әлі күнге дейін ұмытпаймын. Мен бұл сөздерді қазір ренжіп айтып жатқан жоқпын. Ол кісі маған "сен актер бола алмайсың, сенің қолыңнан ештене келмейді, сен бұл істі таста" деген болатын. Ол кісі түсірілім алаңына келіп, өзі қызба қанды кісі ғой, эмоциясын бірден көрсетіп қояды. Менің қойылымымды соңына дейін қарамайтын да, қолын сермей салады.
Көптеген адамның көзінше маған келіп, "сен қатыспай-ақ қой, сен актер бола алмайсың, бұл саладан кет" дейді. Атымды да білмейтін ол кезде. Амал жоқ сондай сөздерді де көтердік. Бірақ, ол кезде мен өнер саласында дамып жатқан кезім болды. Егер мен енді қадам жасап жүргенде, мүмкін мен сынып қалар ма едім" , - Тәуекел.
Диана Исмаилова

Тағы да оқыңыздар

Төреш өзі құда түсті: Диана Исмаилова "Төреғалидің тоқалы" дейтіндерге жауап берді

Айта кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілімнің әкесі туралы берген сұхбат барысында, көз жасын тыя алмай жылап жібергенін жазған болатынбыз. Актер марқұм әкесімен өткізген уақытын есіне алып, көңілі босап кетті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Бұл саладан кет деді": Тәуекел Мүсілім қай отандық кинорежиссерге жақпай қалды