RU

20 қыркүйекте Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы рейстер қайта жанданады

Ұшақ1
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы әуе байланысы қайта жанданады. Алғашқы рейс жексенбі, 20 қыркүйек ұшады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Қырғызстанмен арадағы әуе қатынасын қалпына келтіру туралы Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

"Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 3 қыркүйектегі шешіміне сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) картасына сәйкес 2020 жылғы 20 қыркүйектен бастап Қырғызстанға халықаралық рейстер қайта жаңартылады.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы рейстер "Эйр Астана" әуе компаниясымен Алматы – Бішкек бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілікпен жүзеге асырылады (сейсенбі, жексенбі).

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды (термометрия, әлеуметтік дистанция, маска режимі және т.б.) қатаң сақтай отырып орындалатын болады",– деп жазылған комитет хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 27 тамыздан бастап Қазақстаннан Түркияға рейстер қайта жанданған еді. Елдер арасындағы әуе қатынасы тамыздың басында Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты тоқтатылды.

Сонымен бірге, бұған дейін Ресей СІМ Сергей Викторович Лавров қос ел арасындағы шекараның ашылуына қатысты сұраққа жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874427-20-kyrkjekte-kazakstan-men-kyrgyzstan-arasyndagy-rejster-kajta-zandanady.html