Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басына шеге қаққан": Өскеменде белгісіз біреулер үй жануарына қатігездік көрсеткен

Опубликовано:

48965
Көрнекі фото: pixabay.com

Өскемен қаласында белгісіз біреулер иттің басына шеге қағып, көшеге тастап кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Үй жануарының иесі Галина Толстова итінің жоғалып кеткеніне қатты қайғырғанын айтады.

"Үйде отырып иттердің үрген даусын естідім. Сыртқа шықсам итім су ішіп тұр. Дірілдеп аяғында зорға тұрғанын көрдім. Алып қарасам, сол аяғы сынған екен. Басында үш тесік болды, біреуі үлкен. Бүйірі күйген", – дейді ол.

Үй жануары клиникаға жеткізілген, алайда оны аман алып қалу мүмкін болмады. Мал дәрігерінің айтуынша, иттің жарақаттары тым ауыр болған.

Еске сала кетсек, жақында елордада төрт итті зорлағандар жайлы сұмдық дерек шыққан болатын.

Астанада бұрын-соңды болмаған зорлық түрі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Хайуанаттарды уақытша ұстайтын изоляторда төрт иттің жыныстық сипаттағы азап көргені анықталды. Олар қазір еріктілердің қолында ем қабылдауда. Ал жыныстық зорлық көрсетуі мүмкін деген күдіктіні полиция іздеп жатыр.

Кейіннен осы оқиғаға қатысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі бастамасымен жүргізілген қызметтік тексеру кезінде "Астана Ветсервис" директоры жұмыстан босатылды.

"Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің тапсырмасымен қараусыз қалған жануарларға қатыгездік таныту фактісі бойынша тәуелсіз сараптама жүргізіледі. Кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылатын болады", – делінген әкімдіктің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874443-basyna-sege-kakkan-skemende-belgisiz-bireuler-j-zanuaryna-katigezdik-krsetken/

pixel