RU

Назарбаев Шпекбаевпен кездесті

Елбасы1
Фото: elbasy.kz

Бүгін 15 қыркүйекте Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаевпен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын іске асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді.

Алик Шпекбаев Агенттіктің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, мемлекеттік органдардың бюджетінің ашықтығын арттыру, сондай-ақ осы үдерісте азаматтық қоғам өкілдерімен ынтымақтастықты нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы айтып берді, делінген хабарламада.

Еске салсақ, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа пандемия жағдайындағы әлемдік экономиканың дамуына байланысты және Қазақстанның сауда-экономикалық серіктестерінің нарықтарындағы жағдайға қатысты болжамдар таныстырылды.

Айта кету керек, Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының сыртқы істер министрі Ван Имен кездесіп, Қытайға шақырту алды.

Қазақстанның тұңғыш президентіне Қазақстан-Қытай арасындағы жан-жақты қатынасты дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс айтқан Қытай Халық Республикасының сыртқы істер министрі Ван И еліміздің жетістіктеріне тоқталып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың әрі қарай да тереңдей беретініне сенім білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874456-nazarbaev-spekbaevpen-kezdesti.html