Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы Келімбетовке тапсырма берді

Опубликовано:

Келімбетов1
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президентке жаңадан құрылған Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құрудың тәсілдері, оның ішінде Агенттік Ережесінің жобасы, штаттық саны мен оның жылдың соңына дейінгі қысқа мерзімде атқаратын қызметі туралы ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамды толғандырған мәселелер мен ұсыныстарды сараптап, пысықтауды, сондай-ақ, Қазақстан халқына арнаған Жолдауында аталған міндеттерді іске асыруды тапсырды.

Еске салсақ, "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін президенттің Төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы қаулысы шыққанын хабарлаған едік.

Бұған дейін мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады.

Серік Жұманғарин президент Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңадан құрылған Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды.

Айта кеткен жөн, Қасым-Жомарт Тоқаев екі жаңа агенттік (Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі) құру туралы жарлыққа қол қойған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874461-memleket-bassysy-kelimbetovke-tapsyrma-berdi/

pixel